Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Өткен жұмада Атырауда “PetroMaintenance 2024” мұнай-газ саласына техникалық қызмет көрсету бойынша форум өтті. Форумда «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы іс-шараға қатысушылармен осы бағыттағы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу және қазақстандық қамтуды дамыту тәжірибесімен бөлісті.
Форумда ТШО-ның өндіріс жөніндегі бас менеджері Стивен Коннер сөз сөйледі. Оның айтуынша, ТШО қазақстандық қызметкерлердің дамуына белсенді түрде инвестиция салуда. 2007 жылдан бері 460-тан астам ұлттық қызметкер негізгі басшылық және техникалық позициялардағы шетелдік мамандарды алмастырды.
Сондай-ақ, Стивен Коннер соңғы 31 жылда ТШО-ның қазақстандық қамтушылардан 48,4 миллиард АҚШ долларына тауарлар мен қызметтер сатып алғанын атап өтті. Ал, 2023 жылы компанияның сатып алуларының 70%-ы жергілікті компаниялардың үлесіне тиді, бұл 1993 жылғы 11% көрсеткіштен едәуір жоғары.
"Біз шағын, орта және ірі жеке бизнестің нарықтық экономиканың негізі екендігін мойындаймыз. Сондықтан да, осы бизнесті қолдау, технологияларды беру және жергілікті әлеуетті барынша пайдалану бойынша шараларды белсенді түрде енгізудеміз ", - деп атап өтті Стивен Коннер.
Ол ТШО-ның болашақ тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамтуды жоспарлаудан бастап, өндірісті оқшаулау, қызметкерлерді оқыту мен отандық тауарларды сатып алуды тұрақты мониторингтеу бойынша жаңа қамтушылардың міндеттемелерінен бастап, кешенді тәсілді қамтитын өндірісті оқшаулауды ілгерілету жүйесін енгізгенін жеткізді.
Стивен Коннер ТШО-ның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі туралы да баяндады. Ол компанияның 1993 жылдан бастап 2024 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін Қазақстан Республикасына 196 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тікелей қаржылық төлемдерді аударғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ТШО-ны үш жыл қатарынан елдегі үздік салық төлеушісі деп танығанын еске салды.
Сондай-ақ, форумда ТШО-ның техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Джеррод Хант сөз сөйлеп, кадрларды ұлттандыру мен жергілікті мердігерлермен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол қазіргі уақытта техникалық қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің 95% -дан астамы Қазақстан азаматтары екенін айтты.
«Біз қазақстандық мамандарды жоғарылатқан сайын оңды өзгерістерді байқадық. Олар талантты, және де біздің басшылық оларды мақтан тұтады», — деді Джеррод Хант.
Форум ТШО үшін Қазақстанның мұнай-газ секторындағы басты ойыншы ретіндегі рөлін нығайта отырып, қазақстандық қамтуды дамытуға және сала бойынша өзінің адалдығын растау, әрі сала әріптестерімен табысты стратегиялармен бөлісу мақсатында жақсы платформа болды.