Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард тонна (11,5 миллиард баррель) құрайды. Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
2025 жылдың 26 мамырында Астана қаласында бейінді министрліктердің, салалық кәсіподақтардың және мұнай-газ компанияларының қатысуымен мұнай-газ саласындағы салалық біліктілік пен кәсіби стандарттар шеңберін жаңарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Кездесуді ҚР Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, Kazenergy қауымдастығының және «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырды.
Шара барысында ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Мемлекет басшысы бекіткен жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде ҚР Үкіметі кәсіби біліктілікті дамытуға және жұмысшы мамандықтардың, оның ішінде мұнай-газ саласындағы мамандықтардың беделін көтеруге ерекше назар аударатынын атап өтті. Үкіметтің мақсаты – еліміздің экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететін әрбір маманның кәсіби өсуіне және еңбегінің бағалануына жағдай жасау.
Бұл жұмыс Салалық кеңестің 2025 жылға бекітілген іс-шаралар жоспары шеңбрінде жалғасады, оның қорытындысы бойынша кәсіби стандарттарды жаңарту жоспарлануда. «Біз әрбір маманның мұнай-газ саласындағы ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.
Сонымен қатар аталған шарада «Теңізшевройл» компаниясының адам ресурстарын басқару бойынша бас менеджер Кәмшат Байжанова сөз сөйледі.
«Бұл маңызды, әрі дер кезінде қолға алынған бастама. Біздің сала технологиялық өзгерістердің, экологиялық сын-қатерлердің және еңбек нарығы өзгеруінің әсерінен қарқынды дамуда. Сондықтан да біздің біліктілік шеңберіміз бен кәсіптік стандарттарымыз бүгін де, болашақта да осы өзгерістерге сай болып, мамандардың біліктілігіне қойылатын нақты талаптарды көрсетуі қажет. Әсіресе, жұмысымыздың Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» жарияланған 2025 жылы өтіп жатқаны өзіндік мәнге ие. Бұл шешім білікті еңбектің стратегиялық маңыздылығын көрсетеді және кәсіптік стандарттарды әзірлеу мен енгізу бағытындағы белсенді жұмыспен қатар жүреді», - деді Кәмшат Байжанова.
Сондай-ақ, Теңізшевройлдың 30 жылдан астам уақыттан бері біліктілігі жоғары мыңдаған қазақстандық мұнайшылардан тұратын мықты команданы қалыптастырғанын атап өтуге болады. Бұған қоса, ТШО бұрғылау, өндіру, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, коллекторды жасақтау, басқа да маңызды салалардағы жергілікті қызметкерлердің білімін және кәсіби әлеуетін кеңейту үшін 107 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция құйды.