Жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 46,8 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсаған ТШО қазақстандық қамтуды дамытуда жетекші орында қала бермек
ТШО әлемдегі ең ірі және технологиялық күрделі кен орындарының бірін жүргізеді. Теңіздегі барлау және өндіру жұмыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігі - бұл Қазақстанның экономикалық прогресін күшейтуде және ғаламдық энергияға деген сұранысты қанағаттандыруда табысқа жетудің бір жолы. Біздің міндетіміз – жергілікті жеткізушілер мен мамандарға мүмкіндік беру арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тауарлар мен қызметтерді алу.
ТШО-ның Келісімшарт және сатып алу жоспарында қамтылған ақпарат, «Теңізшевройл» ЖШС-нің (бұдан әрі – ТШО) ақпаратта сілтеме жасалған алдағы кезеңге тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге алдын ала қажеттіліктерінің болжамы болып табылады. Жеткізушілерді алдын ала таңдауға, келісімшарт жасасу және/немесе сатып алу қызметтеріне қатысты деректердің жариялануы тек ақпарат үшін және ол ТШО-ның қандай да бір қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі немесе ТШО-ның кез келген тұлғаға оған қатысуға ұсынысы ретінде қаралмауы тиіс. Бұрын жарияланған жеткізушілерді алдын ала таңдау бойынша іс-шаралар, келісімшарттар және/немесе сатып алу іс-шаралары ТШО-ның қалауы бойынша алдын ала ескертусіз кейінге қалдырылуы, өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін. Жаңартулардан хабардар болу үшін осы веб-сайтты тұрақты түрде қарап отырыңыз. ТШО мұндай тұлғаның ТШО-ның Келісімшарт және сатып алу жоспарында жарияланған деректерге сүйеніп шешім қабылдауына байланысты туындауы мүмкін кез келген тұлғаның кез келген залалы немесе шығындары үшін кез келген міндеттемелерден немесе жауапкершіліктен анық түрде бас тартады.
Бізге хабарласыңыз
kcdsearch@tengizchevroil.com
Жоғары вольтты кабельдер, төмен вольтты токты бөліп таратқыш тақта, трансформаторлар, қосалқы станция, қашықтан қол жеткізуді басқару станциясы
Жоғары вольтты қозғалтқыштарды жөндеу қызметі, жылу алмастырғыш құбырын алмастыру қондырғысы
Резервуарлар мен ыдыстар
Клапандар, фланецтер мен фитингтер, бұрандамалар, бұрылмалы бітеуіштер мен аралық тіректер
Талшықты-оптикалық кабель
Қалдықтарды кәдеге жарату, қауіпсіздікті сақтау тренингтері онлайн режимде, ағаш қалдықтарын шығару, қауіпсіздік киімдері
Тек 2019 жылы ТШО мен оның жеткізушілері ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша 103 қазақстандық қамту жоспарын орындады.
ТШО қауіпсіз, сенімді және үздіксіз өндірістік операцияларды жүргізу және ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыруды жалғастыру үшін бүкіл әлемге танымал жабдықтың түпнұсқасын өндірушілермен (OEM) жұмыс істейді. Біздің ұзақ мерзімді келісімшарттық стратегиямыз ТШО мен жеткізушілерге жергілікті нарықтың әлеуетін дамытуға одан әрі инвестициялау үшін бірқатар мүмкіндіктер береді.
ТШО жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндіктерін жұмыс жасап жүрген және әлеуетті жеткізушілермен бірге анықтайды
ТШО мен жеткізушілер осы мүмкіндіктер туралы келіседі және қазақстандық қамту жоспары құрылады
ТШО мен жеткізушілер келісім-шарт аясында қазақстандық қамту жоспарын рәсімдейді
ТШО әрдайым сәйкес келуін және орындалуын бақылайды
Жергілікті қамту туралы айтқанда, жетістіктеріміз атқарылған жұмыстарымыз арқылы көрінеді. ТШО үшін заңды талаптардың бірі – қазақстандық қамтуға жұмсалған шығындарды есептеу және олар жөнінде есеп беру. Жеткізушілердің ҚҚ есептеу әдістемесімен танысуын қамтамасыз ету өзіміз үшін де пайдалы. Тоқсан сайын біз жеткізушілеріміз үшін жер қойнауын пайдалану кодексінің және үкіметтің қаулыларының жекелеген аспектілерін қамтитын тиісті тренингтер өткіземіз, олар жергілікті қамтуды есептеу, негізгі Ұғымдар мен анықтамаларды және жұмсалған тауарлар мен қызметтердегі ҚҚ есептеу мысалдарын реттейді.
Жергілікті жеткізушілермен жұмыс және қазақстандық өндірістегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді (ТЖҚ) сатып алу мәселелері Атырау қаласында өткен жыл сайынғы «Қазнефтегазсервис – 2025: Мұнай-газ құрылысы және инжиниринг» конференциясында талқыланды. Конференцияға 150 қазақстандық компания өкілдері, сондай-ақ Катар, БАӘ және Ресейден келген шетелдік компаниялар қатарынан 300-ге жуық адам қатысты.
ТШО бас директорының орынбасары Конилкош Суесинов бизнес-серіктестермен ашық диалог орнатудың маңыздылығын атап өтіп, ТШО-ның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін ерекше белгіледі. Ол өз сөзінде ТШО-ның жергілікті нарықты дамытуға салған ауқымды инвестициялары туралы айтты. 2024 жылы Қазақстанға төлемдер 11 миллиард АҚШ долларынан асты, ал қазақстандық өндіріс ТЖҚ сатып алу шығындары 3 миллиард доллардан асты.
«ТШО-ның негізгі бағыттарының бірі – қазақстандық өндірушілерді қолдау. 2024 жылы компания Энергетика министрлігімен бірлесіп, қазақстандық қамтуды дамыту стратегиясын әзірледі. Бұл стратегия жергілікті өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруді, тендерлік рәсімдерде баға төзімділігін (KC Tolerance) қамтамасыз етуді және үш немесе одан да көп жергілікті өндірушілер болған жағдайда тендерді тек отандық компаниялар арасында өткізуді көздейді», – деді Конилкош Суесинов.
Форум барысында ТШО-ның стратегиялық сатып алу жөніндегі менеджері Рафаэль Аланья 2025 жылға арналған жылдық сатып алу және келісімшарт жоспарын таныстырды. Бұл жоспар компанияның алдағы жылға арналған ТЖҚ қажеттіліктерін көрсетеді. Ол ТШО-ның тендерлік процесі, қазақстандық өндірушілерді қолдау шаралары, сондай-ақ офф-тейк келісімдері, ерте тендерлер мен инвестициялар үшін ұзақ мерзімді келісімшарттарды қамтитын жаңа тетіктер туралы толығырақ айтып өтті.
«Біздің саясатымыздағы негізгі өзгерістердің бірі – белгілі бір тауарлық санаттар үшін \"тек жергілікті тендерлер\" қағидасын енгізу, бұл қазақстандық қамту үлесін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, біз жергілікті өндірушілердің өнімдерінің техникалық талаптарға сәйкестігін бағалау үшін сынақ тапсырыстары жүйесін қолданамыз. Бұдан бөлек, компания ұзақ мерзімді келісімшарттарда негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) енгізіп, мердігерлерді жергілікті қамтуды арттыруға ынталандырады», – деп атап өтті Рафаэль Аланья.
Сонымен қатар, ол жергілікті жеткізушілер үшін қаржылық біліктілікті жеңілдету және локализация міндеттемесі бар келісімшарт тетіктерін енгізу туралы айтты. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және ТШО жеткізілім нарығына кіру кедергілерін төмендетеді.
Теңізшевройл тұрақты даму қағидаттарына бейілді болып қала береді және Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосуға ұмтылады. 2024 жылы ТЖҚ-дағы қазақстандық қамту үлесі шамамен 70%-ды құрады.