Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • Standard & Poor’s
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 07/10/2022
  • 14/06/2024
Әлемдік рейтинг
  • BB+
  • Baa2
Болжам
  • Теріс
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

13 отандық өндіруші ТШО-ның жаңа жеткізушілері болды

мам. 15, 2024, 12:59 PM by Nurtay Nudiyev
Ел ішіндегі құндылықты дамыту және ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында Астанада «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мен отандық кәсіпорындар арасында бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қою рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы (ҚР) Энергетика министрлігінің, «Мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығы» қауымдастығының (ХМБО) өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.

ТШО Теңіз кен орнында өзіне қажетті жергілікті өнімдер мен қызметтердің кең спектрін қамтитын 13 жергілікті өндірушілермен және қызмет көрсетушілермен келісімшарттарға қол қойды. Келісімшарттардағы кейбір назар аударарлық позицияларға «Emerson Kazakhstan» жергілікті өндірілген қысым бергіштері, «Novus Sealing» тығыздағыштары, «Honeywell Kazakhstan» компаниясының қазандыққа арналған бақылау жабдықтары, «Атырау НефтеМаш»-тың күкіртті балқытуға арналған резервуары және құбырлар, фланецтер мен фитингтерге арналған материалдары, «IPSS Caspian» бұрылмалы бітеуіштері, «Asia Filters» технологиялық сүзгілері, «Newtech Systems Group» дәнекерлеу жабындары, «Studbolt Manufacturing» шпилькалары мен сомындары, «Alageum» ЖШС қосалқы станциялары, «Centech» кабельдік науалары, «PSI Group» қашықтағы бақылау блоктары, сондай-ақ «Gradex» компаниясы орындаған азаматтық құрылыс/инфрақұрылымдық жұмыстары мен электр монтаждау жұмыстары / БӨА бойынша жұмыстары, «UnixStroy» компаниясы іске асыратын азаматтық құрылыс/инфрақұрылымдық жұмыстары жатады.

«Теңіз – күрделі кен орын және өндірісті қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ету үшін біз өзімізге де, жеткізушілерімізге де жоғары талаптар қоямыз», – деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов. «ТШО сатып алатын тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың жалпы деңгейін 1993 жылғы 11%-бен салыстырғанда, 2023 жылы 71%-ға дейін жеткізуге септігін тигізген бұл ынтымақтастықты әрі қарай да жалғастыратынымыз сөзсіз».

Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін қазақстандық тауарлар нарығының тұрақты дамуы Теңізшевройлдың (ТШО) даму стратегиясының негізі болып табылады және Қазақстан экономикасына айтарлықтай пайда әкеледі. Кәсіпорында болашақта тауарларды сатып алу барысында қазақстандық қамтуды алдын ала жоспарлауды, жаңа жеткізушілердің өндірісті жергіліктендіру міндеттемелерін, қызметкерлер құрамын оқытуын, отандық тауарларды сатып алуды жүйелі бақылауды қамтитын өндірісті жергіліктендіруді ынталандыру жүйесі бар. Осындай шаралар арқасында 2023 жылдың өзінде ТШО қазақстандық кәсіпорындардан 4 миллиард АҚШ долларға тауар, жұмыстар және қызметтер сатып алды. Тауарладың ішінде басым көпшілігі құрылыс материалдарды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған тауарлар, дизельдік отын, химикаттар, контейнерлер мен орау материалдарын және т.б. сатып алуға жұмсалды. Жалпы алғанда, 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық жеткізушілерден 48 миллиард АҚШ доллардан астам сомаға тауарлар мен қызметтерді сатып алды.