Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • Standard & Poor’s
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 16/07/2024
  • 14/06/2024
Әлемдік рейтинг
  • BB+
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

ТШО техникалық қызмет көрсету саласында қазақстандық қамтуды қалай дамытады

қыр. 24, 2024, 10:50 AM by Nurtay Nudiyev
Өткен жұмада Атырауда “PetroMaintenance 2024” мұнай-газ саласына техникалық қызмет көрсету бойынша форум өтті. Форумда «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы іс-шараға қатысушылармен осы бағыттағы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу және қазақстандық қамтуды дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Форумда ТШО-ның өндіріс жөніндегі бас менеджері Стивен Коннер сөз сөйледі. Оның айтуынша, ТШО қазақстандық қызметкерлердің дамуына белсенді түрде инвестиция салуда. 2007 жылдан бері 460-тан астам ұлттық қызметкер негізгі басшылық және техникалық позициялардағы шетелдік мамандарды алмастырды.

Сондай-ақ, Стивен Коннер соңғы 31 жылда ТШО-ның қазақстандық қамтушылардан 48,4 миллиард АҚШ долларына тауарлар мен қызметтер сатып алғанын атап өтті. Ал, 2023 жылы компанияның сатып алуларының 70%-ы жергілікті компаниялардың үлесіне тиді, бұл 1993 жылғы 11% көрсеткіштен едәуір жоғары.

"Біз шағын, орта және ірі жеке бизнестің нарықтық экономиканың негізі екендігін мойындаймыз. Сондықтан да, осы бизнесті қолдау, технологияларды беру және жергілікті әлеуетті барынша пайдалану бойынша шараларды белсенді түрде енгізудеміз ", - деп атап өтті Стивен Коннер.

Ол ТШО-ның болашақ тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамтуды  жоспарлаудан бастап, өндірісті оқшаулау, қызметкерлерді оқыту мен отандық тауарларды сатып алуды тұрақты мониторингтеу бойынша жаңа қамтушылардың  міндеттемелерінен бастап, кешенді тәсілді қамтитын өндірісті оқшаулауды ілгерілету жүйесін енгізгенін жеткізді.

Стивен Коннер ТШО-ның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі туралы да баяндады. Ол компанияның 1993 жылдан бастап 2024 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін Қазақстан Республикасына 196 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тікелей қаржылық төлемдерді аударғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ТШО-ны үш жыл қатарынан елдегі үздік салық төлеушісі деп танығанын еске салды.

Сондай-ақ, форумда ТШО-ның техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Джеррод Хант сөз сөйлеп, кадрларды ұлттандыру мен жергілікті мердігерлермен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол қазіргі уақытта техникалық қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің 95% -дан астамы Қазақстан азаматтары екенін айтты.

«Біз қазақстандық мамандарды жоғарылатқан сайын оңды өзгерістерді байқадық. Олар талантты, және де біздің басшылық оларды мақтан тұтады», — деді Джеррод Хант.

Форум ТШО үшін Қазақстанның мұнай-газ секторындағы басты ойыншы ретіндегі рөлін нығайта отырып, қазақстандық қамтуды дамытуға және сала бойынша өзінің адалдығын растау, әрі сала әріптестерімен табысты стратегиялармен бөлісу мақсатында жақсы платформа болды.