2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.
ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.
ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.
Теңіз кен орнына Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, газ өнеркәсібі департаментінің басшысы Бақытжан Таубаев және мұнай өнеркәсібі департаментінің басшысы Берік Ермаханов келді. Сапар аясында делегация Теңізшевройл (ТШО) негізгі өндірістік объектілерімен, соның ішінде Кешенді технологиялық желілермен (КТЖ), Екінші буын зауытымен (ЕБЗ), Үшінші буын зауытымен (ҮБЗ) және өндірісті басқарудың бірлескен орталығымен (ӨББО) танысты.
Сондай-ақ, сапар барысында Әлібек Жамауов ТШО басшылығымен мұнай мен газ өндірудің ағымдағы деңгейін талқылады, сонымен бірге Келешек кеңею жобасының (ККЖ) объектілерін уақтылы пайдалануға берудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. ККЖ сәтті аяқталғаннан кейін шикі мұнайдың жалпы өндірісі жылына шамамен 40 миллион тоннаны құрайды.
«Теңіз кен орны еліміздің экономикасының локомотиві екені баршаға мәлім,-деп атап өтті Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов. - Біз Келешек кеңею жобасы өңірдің дамуына және ТШО сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесінің артуына қалай оң әсер еткенін көріп отырмыз. Сондай-ақ, ТШО өндірістегі қауіпсіз еңбек мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өткім келеді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа зауыт іске қосылады деп үміттенеміз. ТШО командасына сәттілік тілеймін», - деді Жамауов мырза.
Вице-министр компания басшылығымен өндірісті кеңейту, экологиялық қауіпсіздікті арттыру және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға бағытталған заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
«Бүгінгі таңда ТШО 2000-нан астам жергілікті компаниялармен ынтымақтасады және жергілікті жеткізушілердің дамуына үлес қосуын жалғастыруда. 1993 жылдан бастап ТШО 50 миллиард АҚШ долларына жуық сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алды», - деп атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.
Отыз жылдан астам уақыт бойы ТШО елге 198 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тікелей қаржылық төлемдерді жүзеге асыра отырып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етті. 12 жылдық кезеңді қамтитын тәуелсіз зерттеу ТШО Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 11%-на дейін ынталандыратынын көрсетті. Бұдан басқа, ТШО мен оның мердігерлік ұйымдарының үлесіне Қазақстан бюджетіне түсетін барлық түсімдердің 30%-дан астамы тиесілі.