2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.
ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.
ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.
Спорт күні қарсаңында Атырау қаласы, Жаңаталап ауылында «Теңізшевройл» ЖШС-нің (ТШО) «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өтті.
Нысан құрылысы 2024 жылдың қаңтарында басталған болатын. Екі қабатты ғимаратта бір мезгілде 160 келуші спортпен шұғылдануға мүмкіндік жасалған. Заманауи кешенде ерлер мен әйелдерге арналған бөлек жаттығу залдары, баскетбол, волейбол, сондай-ақ күрес және бокспен айналысуға арналған кең және жабдықталған залдар қарастырылған. Сонымен қатар, ғимараттың сыртқы аумағына да ерекше назар аударылған, яғни футбол алаңы, жүгіру жолы, ұзындыққа секіруге арналған алаң, сондай-ақ жеке волейбол және баскетбол алаңдары салынып, сыртқы жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Осылайша, Жаңаталап ауылының тұрғындары жазғы уақытта таза ауада спортпен шұғылдана алады.
«Теңізшевройл әлеуметтік жауапты компания бола отырып, өзінің «Игілік» ерікті бағдарламасы аясында Атырау облысының инфрақұрылымдық дамуына қолдау көрсетуді жалғастыруда. ТШО денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік кәсіпкерлік жүйелерінің қолжетімділігі мен кемелденуін қамтамасыз ете отырып, жергілікті халық үшін мүмкіндіктерді ұлғайтуға ұмтылады», - деп «Теңізшевройл» ЖШС Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің өкілі Нұрлан Ерғалиев айтып өтті.
Жаңаталап тұрғындары атап өткендей, бұған дейін балалар спортпен шұғылдану үшін жақын маңдағы ауылдарға баруға мәжбүр еді. «Заманауи кешен жергілікті спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Бұрын балалар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан көрші ауылдарға қоғамдық көлікпен баруға мәжбүр болды. Ол жағдай балалардың ата-аналары үшін алаңдаушылық туғызды», - деді Жаңаталап ауылының тұрғыны Әділет Баймұханов.
Айта кету керек, кешен қазіргі заманғы талаптарға сәйкес салынған және халықтың жүріп-тұру қабілеті төмен топтары үшін толықтай қолжетімді. Ғимарат пандустармен, лифтпен, тактильді плиткалармен және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы бөлмелермен жабдықталған.
«Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында 5 спорт нысаны салынды, оның ішінде Жылыой ауданының Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай, Жаңа Қаратон және Майкөмген ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, сондай-ақ Құлсары қаласындағы 3 000 орындық орталық стадионды атап өтуге болады. ТШО жыл сайын Атырау облысының мектептерін, балабақшаларын, ауруханаларын және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарын салуға 25 миллион АҚШ долларын бөлуде.