2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.
ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.
ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.
«Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) отандық жеткізушілерден сатып алынатын өнім көлемін ұлғайту арқылы қазақстандық қамту үлесін 71%-ға дейін жеткізіп, өз рекордын жаңартты. Бұл туралы ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов мырза KAZENERGY Energy Week – XVI KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында өткен іс-шара барысында баяндап берді.
XVI KAZENERGY Еуразиялық форумы шеңберіндегі пікірталастардың бірі қазақстандық өндірістік компанияларды дамыту мәселесіне арналды. Бұл ретте, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы «үш алып» қонақтарға жергілікті қамтуды тауар өндірісіне ерекше көңіл бөле отырып дамытуға бағытталған бастамалары мен бағдарламаларын таныстырды.
«ТШО қазақстандық қамту еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екенін жақсы түсінеді. Компаниямыз жергілікті қамтудың дамуын қолдай отырып, тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық үлесті арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді, – деп атап өтті өз сөзінде Сүйесінов мырза.
1993 жылдан бері ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 51,4 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Сатып алулардың географиясы кең, тек Атырау облысымен шектелмейді және еліміздің түрлі өңірлеріндегі экономикалық белсенділіктің артуына ықпал етеді. Сонымен қатар, ТШО тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін тұрақты түрде арттырып келеді: 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 9%-ды құрады. Бүгінгі таңда компания нақты жұмсалған қаражат көлемі бойынша да, пайыздық көрсеткіш тұрғысынан да отандық тауарларды сатып алу саласында сөзсіз көшбасшы болып табылады.
Теңізшевройл тауарларды сатып алу көрсеткіштерін арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыратын болады. Энергетика министрлігімен бірлесіп, ТШО «Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі ел ішілік құндылықты дамыту бағдарламасын» әзірледі. Аталған бағдарлама қазақстандық қамту бойынша алдағы бес жылға арналған мақсаттарды айкындауда басты бағдар ретінде қолданылды.
Бұған қоса, ТШО материалдарды сатып алу кезінде отандық өндірушілерге басымдық беру мақсатында баға ұсыныстарындағы аздаған ауытқуларға жол беретінін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, ТШО-ның жаңартылған рәсімдеріне сәйкес, құны жоғары немесе тәуекел деңгейі жоғары келісімшарттар бойынша аванстық немесе кезең-кезеңімен төлем жасау сияқты стандартты емес төлем шарттарын сұрататын жеткізушілер енді банктік кепілдіктерді тек халықаралық банктерден ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінен де ұсынуға мүмкіндік алады.
2024 жылдан бері ТШО 16 қазақстандық өндіруші квалификациядан өткізіп, оларды ТШО-ның бекітілген өндірушілер тізіміне енгізді. Бұл олардың компания талаптары мен стандарттарына толық сәйкес келетінін растайды.
Жеткізушілерді дамыту бағдарламасының негізгі мақсаты – қазақстандық компаниялардың қазіргі мүмкіндіктері мен ТШО-ның тауарлар, қызметтер және жұмыстарға қоятын талаптары арасындағы алшақтықты жою арқылы компаниялардың кәсіби әлеуетін арттыру.
Қазақстандық кәсіпорындардың табыс тарихы
«Теңізшевройл» ЖШС өз серіктестері – PSI Energy және QMOZ (Қарасай Машина Өндіру Зауыты) алғашқы модульдік қосалқы станцияны сәтті дайындап шыққанын зор мақтанышпен хабарлайды. Ұзындығы 38 метр болатын бұл екі қабатты ғимараттар Қазақстан аумағында салынған ең ірі модульдік қосалқы станциялар болып табылады. Жобаны іске асыру барысында 800 000 сағаттан астам жұмыс орындалды, және бұл кезеңде еңбекке жарамдылықты жоғалтуға әкелген бірде-бір жазатайым оқиға тіркелген жоқ. Әр модульдің салмағы 92 тоннаға дейін жетеді. Барлық модульдер Қазақстан аумағында жасалып, құрастырылып, кешенді сынақтардан өткізілді.
Қазіргі таңда модульдердің біреуі Теңіз кен орнында орнатылды, ал екіншісі қазан айының соңына дейін жеткізіліп, монтаждалады деп жоспарлануда.
Аталған қосалқы станциялар пайдалануға берілгеннен кейін, қазақстандық компаниялар өндірген бұл нысандар КТЖ өндірістік нысандарының қауіпсіз әрі сенімді жұмысын ұзақ жылдар бойы қамтамасыз ететін болады.
Ішкі бастамаларымен қатар, «Теңізшевройл» ЖШС «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталықпен» (бұдан әрі – IMB орталығы) белсенді түрде ынтымақтастық орнатуда. Бұл серіктестіктің нәтижесінде Қазақстанның үш ірі мұнай-газ операторы тарапынан 12 тауар санаты әзірленді. IMB орталығы осы санаттар бойынша отандық өндірушілерді бағалау және олардың өндірістік әлеуетін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
IMB орталығымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде, өткен жылы ТШО техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (ТҚЖП), сондай-ақ қорғаныс материалдарын жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасты. Қазіргі уақытта бірнеше ілеспе меморандумдар мен келісімдер іске асырылып жатыр.
IMB орталығымен ынтымақтастығымыз жалғасатын болады, ал арадағы серіктестік қатынастардың маңызды нәтижелері алдағы уақытта Ақтау қаласында өтетін IMB орталығының форумында таныстырылатын болады.
Қазақстандық қамтуды дамыту – стратегиялық маңызы бар міндет. Осыған орай, «Теңізшевройл» ЖШС бұл бағытта салалық кәсіпорындармен және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті.