Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • Standard & Poor’s
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 27/06/2025
  • 19/06/2025
Әлемдік рейтинг
  • BBB-
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

ТШО қауіпсіздік мәдениетін дамыту саласындағы тәжірибесімен бөлісті

қар. 28, 2025, 09:36 by Zhanar Baizhumash
28 қарашада «Теңізшевройл» (ТШО) мердігер ұйымдарға арналған 2025 жылғы Мердігерлердің еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғау барысын бақылау (CHESM)- Еңбек қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жүйесі бойынша форум өткізді. Компания әр қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бизнестің тұрақты өсуін қолдау үшін ортақ жауапкершіліктің, ашықтықтың болуы және озық тәжірибені енгізу маңызды екенін атап өтті.

ТШО-ның CHESM жүйесі  мердігер ұйымдармен өзара байланысты күшейту және бақылауды арттыру мақсатында енгізілді. Бұл жүйе қызмет пен міндеттерді нақты айқындауға, мердігер ұйымдардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуге және еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға қатысты оқиғаларды болдырмауға көмектесетін бірыңғай CHESM бағдарламасын ұсынуға бағытталған. Сонымен бірге мердігер ұйымдардың жұмыс орындарында тексеру жүргізіледі. Бұл тексеріс жұмыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына және ТШО-ның ішкі ережелеріне сәйкес еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтиды.

Өндіріс бөлімінің бас менеджері Стивен Коннер ТШО-ның мақсатына жетер жолда серіктестіктің, адалдықтың және жауапкершіліктің маңызды екенін атап өтті: CHESM жүйесі бір мезгілде бірнеше мердігер компания жұмыс істеп жатқан ТШО нысандарында қауіпсіздікті үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге аса маңызды. Қауіпсіздік саласында прогресті қадағалау мақсатында технологиялық процесті жетілдіру, нұсқаулықтарды жаңарту және басқа да мәселелерге қатысты қауіп дерегі бірыңғай дерекқорға жинақталады.

Форум қатысушыларды  өндірістік тәртіптің  алты қағидатын ұстануға, жауапкершілікті арттыруға, үздіксіз жетілдіруге және қауіпсіздік пен тиімділікті жоғарлату  үшін озық тәжірибелермен бөлісуге шақырды Талқылау кезінде алдыңғы қатарлы серіктестер жұмыстарды басқаруда қолданатын инновациялық тәсілдерді, практикалық шешімдерді және түрлі оқиғадан түйген сабақты бөлісті, қауіпсіздік пен үздіксіз жетілдіруге деген ортақ ұстанымды растады.

Өндірісті оңтайландыру, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау тобының басқарушысы Грэм Маккеллар атап өткендей: “ТШО ортақ жауапкершілікті түсінетін, берік қауіпсіздік мәдениетін ұстануға бұлжымастық танытатын, өкілеттікке ие және жұмысты жоспарлауға және сапалы орындауға баса назар аударатын, сондай-ақ ауыр жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жолында айқын көшбасшылық танытатын бизнес-серіктестермен жұмыс істеуге ұмтылады”.

2025 жылғы CHESM форумы ТШО мен мердігер компаниялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған алаң болды, адамдар мен қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ ұстанымды ілгерілетуге, әр жұмыста адалдықты, құрметті және жауапкершілікті арттыруға ықпал етті. Бұл іс-шара шынайы серіктестіктің компаниялар, елдер мен мәдениеттер арасындағы ортақ құндылықтарды қабылдауы екенін көрсетті және ашық диалог пен ынтымақтастық арқылы осы қағидаттарды іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік берді.