2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.
ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.
ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік компаниялардың және машина жасау бизнесінің өкілдерін біріктіретін негізгі салалық алаңдардың бірі — Қазақстан машина жасаушылардың XIII форумына қатысты. IMBC панельдік сессиясы аясында ТШО мұнай‑газ машина жасау саласындағы қазақстандық қамтуды дамытудағы жетістіктерімен бөлісіп, компанияның жеткізу тізбегіндегі отандық өндірушілердің рөлін атап өтті.
- Өткен жылдың қорытындысы бойынша сектордағы өндіріс көлемі 30,6 трлн теңгені құрады, осылайша ол үшінші жыл қатарынан өндіруші саланың көрсеткіштерінен асып түсіп отыр. Президент тапсырмасы бойынша Үкімет ел аумағында өндіріс орындарын ашатын компанияларды локализациялау және қолдауға баса назар аудара отырып, салмақты өнеркәсіптік саясат құруда, - деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Іскерлік бағдарлама барысында ТШО Бас директорының орынбасары Қуанышкерей Мұхтаров компанияның қазақстандық қамтуды дамытудағы тәсілдері мен ілгерілеуі, жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жеткізу тізбегіне халықаралық сапа стандарттарын енгізу туралы баяндады. Сондай‑ақ қазақстандық кәсіпорындарды біліктіліктен өткізу және олардың мұнай‑газ жобаларына қатысуын кеңейту мәселелеріндегі негізгі серіктестердің бірі ретінде Халықаралық мұнай‑газ машина жасауын дамыту орталығының (IMBC) рөліне ерекше назар аударылды.
«Қазақстандық қамтуды дамыту — біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Біз ТШО‑ның жеткізу тізбегінде отандық өндірушілердің қатысуын жүйелі түрде кеңейтіп келеміз, олардың өндірістік және технологиялық құзыреттерін арттыруға, сондай‑ақ мұнай‑газ саласының халықаралық талаптары мен стандарттарына сәйкестігіне ерекше мән береміз. Бұл үдерісте IMBC кәсіпорындарды біліктіліктен өткізуге және жергілікті өндірушілердің әлеуетін нығайтуға ықпал ететін маңызды алаң ретінде айрықша рөл атқарады», — деп атап өтті Қуанышкерей Мұхтаров.
Соңғы үш онжылдықта ТШО жүздеген мың жұмыс орнын құрып, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді белсенді түрде сатып алу арқылы тек Атырау облысында ғана емес, бүкіл ел бойынша экономикалық белсенділікті ынталандырды. Тек 2025 жылы ТШО қазақстандық жеткізушілерден шамамен 1,8 млрд АҚШ долларына тауарлар мен қызметтер сатып алды. Бұл қаражат халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан аумағында ұсынылатын өнімдер мен қызметтерге бағытталды. Мұндай тәсіл технологияларды локализациялауға, өндірістік қуаттарды дамытуға және мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Компания 1993 жылы құрылған сәттен бастап отандық жеткізушілерден сатып алулардың жалпы көлемі 52,3 млрд АҚШ долларына жетті.
2025 жылы ТШО жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын өнім көлемін арттыру есебінен қазақстандық қамтудың үлесін 71 пайызға дейін жеткізді.
Компания қазақстандық кәсіпорындар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді жалғастыруда. ТШО‑ның орнықты даму стратегиясы аясында өндірісті одан әрі локализациялау, инновациялық технологияларды енгізу және қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру жоспарлануда. Халықаралық деңгейде жергілікті бизнестің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді серіктестіктерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
ТШО Халықаралық мұнай‑газ машина жасауын дамыту орталығының (IMBC) қызметін жүйелі негізде қолдайды. Осы жұмыс аясында компания бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды, олар қазіргі уақытта іске асырылу кезеңінде. 2024 жылдан бастап ТШО 16 қазақстандық өндірушіні біліктілік бағалауынан өткізіп, оларды компанияның мақұлданған өндірушілер тізіміне енгізді.
Қазақстан машина жасаушылардың алдыңғы форумдары аясында ТШО үш қазақстандық компаниямен жалпы сомасы 10,5 млн АҚШ долларынан асатын жабдық жеткізуге арналған төрт келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар Ақтау қаласында өткен мұнай‑газ машина жасау форумында жалпы сомасы 150 млн АҚШ долларын құрайтын келісімшарттар жасалды. Аталған келісімдер Теңіз кен орнындағы өндірістік қызметтің қауіпсіз әрі сенімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан машина жасаушылардың XIII форумына қатысу ТШО‑ға салалық серіктестермен тәжірибе алмасуға, машина жасау саласының өзекті сын‑қатерлері мен даму перспективаларын талқылауға, сондай‑ақ мұнай‑газ жобаларының операторлары, мемлекет және қазақстандық өндірушілер арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік берді.