Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • Standard & Poor’s
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 27/06/2025
  • 19/06/2025
Әлемдік рейтинг
  • BBB-
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

«Теңізшевройл» Atyraugeo 2026 халықаралық геологиялық конференциясына қатысты

сәу. 28, 2026, 11:13 by Baizhumash, LLP]
2026 жылғы 23–24 сәуірде Атырау қаласында Қазақстан мұнайшы геологтар қоғамы (ҚМГҚ) ұйымдастырған Atyraugeo 2026 VI Халықаралық ғылыми тәжірибелік геологиялық конференциясы өтті. Іс‑шараға алтыдан астам елден келген 250‑ге жуық маман, сондай‑ақ Атырау облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ‑ның, KAZENERGY қауымдастығының, сала ұйымдары мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

2026 жылғы 23–24 сәуірде Атырау қаласында Қазақстан мұнайшы геологтар қоғамы (ҚМГҚ) ұйымдастырған Atyraugeo‑2026 VI Халықаралық ғылыми‑тәжірибелік геологиялық конференциясы өтті. Іс‑шараға алтыдан астам елден келген 250‑ге жуық маман, сондай‑ақ Атырау облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ‑ның, KAZENERGY қауымдастығының, сала ұйымдары мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) конференцияның негізгі қатысушыларының бірі әрі алтын демеушісі ретінде салааралық диалог пен кәсіби байланыс орнатылуын қолдады.

Қазақстан Республикасы Энергетика вице‑министрі Ерлан Ақбаров өз сөзінде мұнай‑газ саласының жаңа кезеңге аяқ басқанын, енді мамандардың аса терең қабаттарда көмірсутектерді барлап өндіруі қажет екенін атап өтті. «Бұл заманауи технологияларды дамытуды және қолдануды талап етеді».

Теңіз кен орны әлемде игеріліп жатқан ең терең әрі технологиялық тұрғыдан күрделі кен орындарының бірі ретінде танымал. Жаңа технологияларды енгізу және 2025 жылы Үшінші буын зауытының іске қосылуы нәтижесінде ТШО‑ның шикі мұнай өндіру көлемі 39 млн тоннаға жетті.

Конференция шеңберінде қазақстандық мұнайшы геолог, ҚМГҚ-ның негізін қалаушы Балтабек Қуандықов туралы кітаптың тұсаукесері өтті. ТШО аталған кітаптың басып шығарылуына демеушілік қолдау көрсетіп, геология саласының кәсіби мұрасын сақтау бастамасына өз үлесін қосты.

ТШО кен орнын игеруді басқару бөлімінің менеджері Алексей Высоцкийдің айтуынша:

«Балтабек Мұханұлының Қазақстандағы геология және барлау саласын дамытуға және заманауи Теңіз кен орнын игеруге қосқан үлесі ерекше мәнге ие. Біз оның ғылыми және кәсіби мұрасын сақтауға, соның ішінде кітапты басып шығаруға қолдау көрсете алғанымызға шын жүректен қуанып отырмыз».

Конференция барысында Балтабек Қуандықовтың қазақстандық кадрларды дамытуға қосқан үлесі де ерекше атап өтілді. Оның еңбектері, білімі мен кәсіби қағидаттары жергілікті мамандардың қалыптасуында маңызды рөл атқарып, олардың көпшілігі бүгінде компанияда жетекші лауазымдарда қызмет атқарып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ТШО‑дағы қазақстандық қызметкерлердің үлесі 96% болғанын айта кеткен жөн.