Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • Standard & Poor’s
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 27/06/2025
  • 19/06/2025
Әлемдік рейтинг
  • BBB-
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

ТШО 2025 жылғы Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының нәтижелерін жариялады

мам. 6, 2026, 11:03 by Baizhumash, LLP]
Құлсары қаласында «Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының (ӘИБ) серіктестері – үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қатысуымен қорытынды шарасы өтті. Кездесу барысында серіктестер 2025 жылғы өз жобаларының нәтижелерімен бөлісті. Өткен жылы ӘИБ 15 жылдық мерейтойын атап өтті.

«Біз үшін Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына Жылыой ауданынан қатысатын үкіметтік емес ұйымдардың саны жылдан жылға артып келе жатқаны маңызды. Сонымен қатар, басқа да ҮЕҰ-лар аудан аумағында өз қызметін ұйымдастырып, жобаларын жүзеге асыруға ұмтылуда. Біз әлеуметтік бастамалардың өсіп, дамып келе жатқанын көріп отырмыз және жергілікті халықтың мүддесі үшін жаңа жобаларды іске асыру бағытында алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеуге үміттіміз», – деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнәфис Айшуақова.

Бағдарлама аясында ҮЕҰ өз жобаларын ұсынып, ТШО тарапынан қаржыландырылады. Бастамалар денсаулық сақтау, білім беру, экология, мәдени мұраны сақтау және азаматтық қоғамды дамыту бағыттарын қамтыды.

2025 жылы алғаш рет «Қазақия» қоғамдық қоры «Асыл мұра» жобасымен Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына серіктес болды. Жобаның мақсаты – дәстүрлі білім мен дағдыларды жастарға және ересектерге үйрету арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және дамыту, сондай-ақ қатысушылардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, ұлттық бірегейлігін қалыптастыру. Жоба барысында ер адамдар киіз үй және тұрмыстық жиһаз жасауды меңгерсе, әйелдер тоқу өнерін үйренді.

Жылыой ауданындағы «Зейін-Атырау» қоғамдық қоры «Qadam» жобасын жүзеге асыруды жалғастырды. Бұл жоба әйелдер мен олардың бизнес-бастамаларын қолдауға бағытталған. Өткен жылы жобаға тігін, шаштараз ісі, визаж, аспаздық және компьютерлік сауаттылық бойынша оқудан өткен 50 әйел қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар мотивациялық тренингтер мен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша курстардан өтті.

«Бағдарлама іске асырылған жылдар ішінде біз үкіметтік емес ұйымдармен бірге мықты әрі кемел қалыптасқан қауымдастық құра алдық. Бұл – ҮЕҰ өкілдері, әлеуметтік көшбасшылар және белсенді тұрғындар. Бүгінде біз бағдарламаның айналасында жауапкершілік алып, ұзақ мерзімді нәтижеге жұмыс істей алатын адамдарды көріп отырмыз. ӘИБ аясындағы компанияның басты міндеттерінің бірі – әлеуметтік серіктестерге қолдау көрсету ғана емес, ҮЕҰ-лардың әрі қарай өсіп, дербес дамуына жағдай жасау», – деп  атап өтті ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаев.

2025 жылы ТШО Жылыой ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ұйымдарды да қолдады. Мәселен, 70 жергілікті зейнеткер шипажайда ем алды, зағиптар қоғамына музыкалық және бос уақытты ұйымдастыруға арналған жабдықтар берілді, ал аудан әкімдігіне халықтың қажеттіліктері мен аумақты абаттандыру мақсатында арнайы техника тапсырылды. Бұл қарым-қатынас, шығармашылық және әлеуметтік интеграция мүмкіндіктерін кеңейтті.

Жылыой ауданы әкімдігіне халықтың қажеттіліктері мен аумақты абаттандыру мақсатында коммуналдық және тазалау техникалары сынды арнайы техника тапсырылды. «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ауданның бес мектебінде инклюзивті сыныптар ашылды. Іске асырылған барлық жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауданның орнықты дамуына бағытталған.

ТШО алдағы уақытта да өзінің өндірістік қызметі шоғырланған және ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар орнатылған Жылыой ауданын жүйелі түрде қолдауды жалғастырады.