Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • Standard & Poor’s
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 27/06/2025
  • 19/06/2025
Әлемдік рейтинг
  • BBB-
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

Атыраудың су айдындарын қорғауға серпін: ТШО 4 млрд теңгеге техника сыйлады

мам. 22, 2026, 04:10 by Uteshev, LLP]
«Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Табиғат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына жалпы құны 3,9 миллиард теңгеден астам арнайы техниканы тапсырды. Жоба әлеуметтік әріптестік аясында жүзеге асырылып, Атырау облысының экологиялық инфрақұрылымын дамытуға және өңірлік деңгейде табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жоба аясында «Табиғат» КМК 34 арнайы техникаға ие болды. Олардың ішінде қазтабанды экскаваторлар, батпақты экскаватор, Watermaster амфибиялы түп тереңдету техникасы, автогрейдер, автокран және басқа да техникалар бар. Берілген техника кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын айтарлықтай нығайтып, экологиялық, қалпына келтіру және техникалық жұмыстарды орындау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазтабанды экскаваторлар мен экскаватор-жүктегіштер бүлінген аумақтарды тазалау және қалпына келтіру, жағалау сызықтары мен өзен арналарының нығаюы, сондай-ақ табиғатты қорғау іс-шаралары барысында жер қазу және жүктеу жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Жоғары өтімділігінің арқасында техника күрделі топырақта және қолжетімі қиын аймақтарда тиімді қолданылады. 

«Қоршаған ортаны қорғау — компанияның негізгі құндылықтарының бірі. Бұл техниканы тапсыра отырып, біз Атырау облысындағы экожүйелерді, су ресурстарын және табиғи аумақтарды күнделікті қорғау бойынша нақты жұмыстарды қолдауға өз үлесімізді қосып отырмыз. Бұл әріптестік өңір табиғатын ұзақ мерзімді сақтау жолындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысымызды көрсетеді., — деді ТШО-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Нұрмұхамед Картабаев. 

Атырау облысы ұшін батпақты экскаватор мен Watermaster амфибиялы түп тереңдету техникасын қолдану ерекше маңызға ие, себебі олар су-батпақты алқаптарда, тайыз суларда және жағалау аймақтарында жұмыс істеуге арналған. Бұл техника экожүйеге барынша аз әсер ете отырып, су айдындарын тазалау, тереңдету, лайлану мен артық су өсімдіктерін жою жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл табиғи тепе-теңдікті сақтау және су объектілерінің тозуын болдырмау үшін аса маңызды. 
 
Жылжымалы сорғы станциясын пайдалану су ағындарын басқару, су басу салдарын жою, сондай-ақ қалпына келтіру және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Экскавациялық техникамен үйлестіре отырып, бұл экологиялық және инфрақұрылымдық міндеттерді шешуде кешенді әрі тиімді тәсілді қамтамасыз етеді. 
 
Фронтальды жүктегіш, автогрейдер, автокран, кран-манипулятор, седельді тартқыш және трал логистикалық әрі техникалық қолдауды қамтамасыз етіп, жабдықтар мен материалдарды тасымалдауды жеделдетеді, сондай-ақ өндірістік процестердің қауіпсіздігі мен үйлесімділігін арттырады. 
 
«Жаңа арнайы техника, соның ішінде қолжетімі қиын және экологиялық тұрғыдан сезімтал аймақтарда да, жұмыстарды анағұрлым сапалы әрі жедел орындауға мүмкіндік береді. Бұл қоршаған ортаны бақылау, қалпына келтіру және қорғау саласындағы мүмкіндіктерімізді кеңейтеді. Техника паркін жаңарту біздің қызметіміз үшін ұзақ мерзімді берік негіз қалыптастырады», — деп атап өтті «Табиғат» КМК басшысы Асланбек Рысжанов. 
 
Бұл ТШО-ның су айдындары мен жан-жануарларына көрсеткен алғашқы көмегі емес. Мәселен, 2017 жылдан бері компания Каспий теңізіндегі аналық қорды ұлғайту және Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын жіберу мақсатында Атырау бекіре өсіру зауытына қолдау көрсетіп келеді. Компания объектілерінде құстардың белсенді ұялары анықталған жағдайда, балапандардың қауіпсіз ұшып кеткеніне дейін оларды қорғау шаралары жүргізіледі. Теңіз аумағы сирек және жойылып бара жатқан түрлерді қоса алғанда, құстардың жаһандық көші-қон дәлізі бойында орналасқан. Осыған байланысты ТШО әуе электр желілеріне құстарды қорғауға арналған арнайы құрылғылар орнатты. Бұл оқшаулағыш құрылғылар құстарды ток өткізгіш сымдар мен тіректерге жанасу кезінде электр тогының соғуынан қорғайды. 