Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • S&P Global Ratings
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 02/09/2026
  • 14/07/2026
Әлемдік рейтинг
  • BBB
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

Дерекке сүйенген шешімдер: ТШО-ның өндірісті цифрлық технологиямен басқару әдісі

қаз. 2, 2026, 09:18 by Uteshev, LLP]
Жасанды интеллекттің дамуы және цифрландыру өндірісті оңтайландыруға және оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл әсіресе мұнай-газ саласында айқын байқалады. «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) KIOGE 2026 халықаралық мұнай-газ көрмесі мен конференциясында өндіріс тиімділігін арттыруға Smart Engineering тәсілін қолдану тәжірибесі туралы баяндады. Бұл тәсілдің негізі - деректі, жұмыс процестерін және цифрлық құралдарды бір жүйеге біріктіру. Соның арқасында активтердің өмірлік циклі бойы әртүрлі өндірістік функциялар арасындағы байланыстың ашықтығы арта береді.

Интеграцияланған цифрлық инжиниринг (Smart Engineering) инженерия, өндіріс және пайдалану дерегін бірыңғай цифрлық ортаға біріктіреді, осылайша мамандарға нақты уақыт режимінде өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. ТШО-ның цифрлық технологиялар бойынша кеңесшісі Елена Теннің айтуынша, мұндай тәсіл өндірістің түрлі бағыттары арасындағы ақпарат алмасуды жақсартып, шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Бірыңғай дерек желісі аналитика сапасын жақсартып, неғұрлым орынды шешімдер қабылдауға көмектеседі. Сондай-ақ бұл жүйе сенімділік, техникалық күтім және өндіріс тиімділігі салаларында болжам жасау мүмкіндіктерін дамытуға негіз қалайды.

Біртұтас цифрлық орта ақпарат алмасу тәртібін жеңілдетіп, әртүрлі жүйелердегі деректі байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл мамандарға өндіріс нысандарының жай-күйі туралы толық түсінік қалыптастыруға көмектеседі.

«ТШО белгілі бір ақпаратты қажет еткен маман оны уақтылы ала алатындай жағдай қалыптастыруға ұмтылады. Бұл бізге неғұрлым сапалы шешімдер қабылдауға, өндіріс нысандарының сенімділігін арттыруға және болашақта енгізілетін жаңа технологиялардың негізін қалауға көмектеседі»,– деді ТШО-ның цифрлық технологиялар бойынша кеңесшісі Елена Тен.

Соның бір мысалы – зауыттарды толықтай лазердің көмегімен сканерлеу. Ол цифрлық егіздерді енгізу жолындағы негізгі кезең болып саналады. Бұл – активтердің 3D-геометриясын дәл шығаратын маңызды элемент және болашақта дәлдігі жоғары цифрлық модельдерді жасауға қажет. Симуляция жасайтын цифрлық егіздер процестерді виртуалды ортада оңтайландыруға, ресурстарды тиімдірек пайдалануға, жабдықтың жұмыс істеу тәртібінің сценарийлеріне модель әзірлеуге және өндірісте енгізілмес бұрын ықтимал шешімдердің нәтижесін саралауға мүмкіндік береді.

Цифрлық шешімдер дамыған сайын ТШО өндіріс нысандарын тиімдірек басқару, жабдықтың сенімділігін арттыру және өндірістік процестерді одан әрі жетілдіру

мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бірыңғай әрі сенімді ақпарат ортасын қалыптастыру компанияның болашақта активтерді қауіпсіз әрі тиімді пайдалануына ықпал ететін жаңа шешімдерді енгізуіне жол ашады.

Smart Engineering әдісін дамыту ТШО-ның өндіріс нысандарының қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуін қолдауға, бизнес тиімділігін арттыруға және үздіксіз жетілдіру мәдениетін дамытуға бағытталған заманауи технологиялар мен саланың озық тәжірибесін жүйелі түрде енгізу жұмысының бір бөлігі.