Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • S&P Global Ratings
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 02/09/2026
  • 14/07/2026
Әлемдік рейтинг
  • BBB
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

ТШО Оралда өткен Мұнай-газ машина жасау форумы мен операторлардың Ашық есік күніне қатысты

қаз. 16, 2026, 11:00 by Uteshev, LLP]
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту жөніндегі халықаралық орталық (IMBC) пен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бірлесіп ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумы мен операторлардың Ашық есік күніне қатысты.

Іс-шара Қазақстанның мұнай-газ машина жасау саласын одан әрі дамыту, елдің өндірістік әлеуетін нығайту және қазақстандық кәсіпорындардың ірі мұнай-газ жобаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, мұнай-газ операторларының, отандық өндірушілердің, сервистік компаниялардың және салалық ұйымдардың өкілдерін бір алаңға жинады.

Форум аясында пленарлық сессиялар, операторлар мен қолданыстағы және әлеуетті жеткізушілер арасындағы кездесулер, сондай-ақ Ашық есік күні ұйымдастырылып, қатысушылар елдегі ең ірі мұнай-газ жобаларының алдағы сатып алу жоспарлары мен жеткізушілерге қойылатын талаптар туралы ақпарат алды.

Форум басталмас бұрын мемлекеттік органдардың, IMBC және мұнай-газ операторларының өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралады. Сапар барысында қатысушылар өңір кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктерімен танысып, жергіліктендіру деңгейін арттыру, ынтымақтастықты кеңейту және мұнай-газ саласына арналған жаңа өндірістерді дамыту мәселелерін талқылады.

«IMBC орталығының мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн. Бес жыл ішінде орталық ірі операторлар мен қазақстандық кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықтың маңызды буынына айналып, өндірісті жергіліктендіруге және отандық компаниялардың мұнай-газ жобаларына қатысуын кеңейтуге ықпал етті. Жергілікті қамтуды дамыту бағытындағы жұмыстарды одан әрі қолдау және бекітілген бес жылдық даму бағдарламасы аясында Министрлік Теңіз жобасы бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы меморандум жасасты», – деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров.

Құрылған сәттен бастап ТШО-ның қазақстандық жеткізушілерден сатып алу көлемі 53,3 млрд АҚШ долларынан асты. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында ТШО 1,5 млрд АҚШ долларына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алды. Оның ішінде 1,1 млрд АҚШ доллары, немесе жалпы көлемнің 72%-ы, қазақстандық жеткізушілерге тиесілі болды. Қазақстандық қамту үлесінің ең жоғары көрсеткіші жұмыстар мен қызметтер санаттарында тіркеліп, тиісінше 86% және 92% құрады. Сонымен қатар, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ТШО отандық өндірушілер мен жеткізушілерден сатып алу көлемін ұлғайту есебінен қазақстандық қамту үлесін 71%-ға жеткізіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Форумда сөз сөйлеген ТШО Бас директоры Билли Лакоби қазақстандық өндірушілерді дамыту Қазақстанның мұнай-газ саласының ұзақ мерзімді әрі тұрақты өсуін қамтамасыз етудегі маңызды фактор екенін атап өтті.

«Қазақстандық жеткізушілер мен өндірушілерді дамыту ТШО үшін негізгі басымдықтардың бірі әрі Қазақстан үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыру жөніндегі ұстанымымыздың маңызды бөлігі болып қала береді. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар өндірістік мүмкіндіктерін айтарлықтай күшейтіп, өнімдері мен қызметтерінің сапасын арттырды және халықаралық салалық стандарттарға сәйкес өз құзыреттерін кеңейтті. Бүгінде қазақстандық компаниялардың ірі мұнай-газ жобаларына табысты қатысып, жаңа өнімдер мен қызметтерді игеріп, ТШО үшін ғана емес, бүкіл сала үшін сенімді серіктеске айналып жатқанын көріп отырмыз», – деді Билли Лакоби.

Батыс Қазақстан облысы ТШО үшін маңызды жеткізуші өңірлердің бірі болып табылады. Компания өңір кәсіпорындарымен мұнай-газ жабдықтарын, химиялық өнімдерді, жылу оқшаулағыш материалдарды, жеке қорғаныс құралдарын жеткізу және мамандандырылған қызметтер көрсету сияқты әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатқан.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келісілген ТШО-ның 2025-2029 жылдарға арналған қазақстандық қамтуды дамыту стратегиясы аясында 2026 жылдың бірінші жартысында Батыс Қазақстан облысына өңіраралық жұмыс сапары ұйымдастырылды. Оның мақсаты өңірлік билік органдарымен ынтымақтастықты дамыту, жергілікті өндірушілердің әлеуетін зерделеу және оларды ТШО қызметіне кеңінен тарту мүмкіндіктерін қарастыру болды.

Сапар барысында ТШО өкілдері өңір басшылығымен және бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесулер өткізіп, 17 өндірістік алаңды аралап, мұнай-газ саласына өнім шығаратын қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерімен танысты.

Соңғы үш жыл ішінде ТШО-ның Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардан сатып алған тауарларының, жұмыстары мен қызметтерінің жалпы көлемі шамамен 184 миллион АҚШ долларын құрады. Бұдан бөлек, өңір кәсіпорындары Теңіздегі Болашақ кеңею жобасы мен Ұңғы сағасындағы қысымды басқару жобасын іске асыруға белсенді қатысты. Осы жобалар аясында Батыс Қазақстан облысы кәсіпорындары орындаған келісімшарттардың жалпы құны 118 миллион АҚШ долларына жетті.

Сондай-ақ 2025 жылы ТШО өкілдері Шымкент қаласына, Абай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына өңіраралық жұмыс сапарларын жүзеге асырды.

Форум мен операторлардың Ашық есік күні мемлекет, мұнай-газ компаниялары және отандық өндірушілер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мен жергілікті бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудағы маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.