Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • S&P Global Ratings
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 02/09/2026
  • 14/07/2026
Әлемдік рейтинг
  • BBB
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

ТШО 200 миллион АҚШ долларынан астам сомаға келісімшарттарға қол қойды

қаз. 16, 2026, 13:00 by Uteshev, LLP]
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) ел ішіндегі құндылықты дамытуға және қазақстандық компаниялардың мұнай-газ саласына қатысуын кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімшарттар мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Қол қойылған келісімшарттар ТШО өндірістік нысандарында техникалық қызмет көрсету және мамандандырылған қызметтер көрсету жұмыстарын қамтиды. Жасалған келісімдердің жалпы құны 200 миллион АҚШ долларынан асады, бұл компанияның қазақстандық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді әріптестікке және жергілікті әлеуетті дамытуға деген ұстанымын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Сонымен қатар, ТШО отандық компаниялармен серіктестікті нығайтуға, өндірістік құзыреттерді дамытуға, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жергіліктендіру деңгейін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және мұнай-газ саласы үшін білікті кадрлар даярлауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Жаңа келісімдерге қол қою ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту стратегиясын іске асырудағы және отандық бизнестің компания қызметіне қатысуын кеңейтудегі кезекті маңызды қадам болды. IMBC бас директоры Дастан Әбішевтің айтуынша, жалпы құны 200 миллион АҚШ долларынан асатын келісімшарттар ТШО-ның қазақстандық жеткізушілерге деген жоғары сенімін және олардың халықаралық стандарттарға сай күрделі әрі жауапты жұмыстарды орындауға дайын екенін көрсетеді.

«Бүгінде біз жергілікті өндірісті дамыту, тауарлар мен қызметтердің жергіліктендірілуін арттыру және ұлттық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін күшейту жолындағы мемлекет, операторлар мен бизнес арасындағы бірлескен жұмыстың нақты нәтижелерін көріп отырмыз. IMBC жаңа серіктестіктердің қалыптасуына мүмкіндік жасап, білім мен технологиялар алмасуын қолдауды, сондай-ақ Қазақстандағы ел ішіндегі құндылық пен өнеркәсіптік әлеуеттің одан әрі дамуына бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырады», – деді Дастан Әбішев.

ТШО Бас директорының орынбасары Қуанышкерей Мұхтаровтың айтуынша, жаңа келісімдер қазақстандық мұнай-газ машина жасау саласын одан әрі дамытуға, отандық кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және ел ішіндегі тұрақты жеткізу тізбегін нығайтуға ықпал етеді.

«Бүгін қол қойылған келісімшарттар ТШО мен қазақстандық жеткізушілер арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі болып табылады. Әрбір осындай келісімнің артында отандық кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер, өндірістік қуаттарды кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және қазақстандық мамандардың кәсіби құзыреттерін дамыту тұр. ТШО үшін қазақстандық қамтуды дамыту жергілікті компаниялардан сатып алу көлемін арттырумен ғана шектелмейді. Бұл сондай-ақ отандық бизнестің өсіп-өркендеуіне, жаңа технологияларды енгізуіне және ең жоғары халықаралық стандарттарға сай болуына мүмкіндік беретін тұрақты әрі ұзақ мерзімді серіктестіктерді қалыптастыру деген сөз», – деді Қуанышкерей Мұхтаров.

ТШО қазақстандық кәсіпорындар өз мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтіп, жоғары сапа, сенімділік және кәсібилік деңгейін көрсетуді жалғастыратынына сенімді. Бұл оларға ірі мұнай-газ жобаларын табысты іске асыруға қатысып қана қоймай, елімізде және халықаралық нарықтарда өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қол қойылған келісімдер жергілікті өндірісті одан әрі дамытуға, тауарлар мен қызметтердің жергіліктендірілу деңгейін арттыруға және Қазақстан экономикасы үшін қосымша құндылық қалыптастыруға ықпал етеді.