Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
Құлсары қаласында «Теңізшевройл» ЖШС-ның (ТШО) Жылыой ауданын дамыту бағдарламасы аясында Орталық Азияның Еуразиялық қоры (ОАЕҚ) жүзеге асырып жатқан «Таңдау» пилоттық жобасының қорытындысы шықты. Жоба аудан тұрғындарына пайызсыз несие беру арқылы өз ісін ашуға және дамытуға бірегей мүмкіндіктер берді.
2023-2024 жылдардың қорытындысы бойынша 105 адам оқытылды. Оның ішінде 44 қатысушы өз кәсіпкерлік жобаларына қаржылай көмек алды. Бір жыл ішінде шағын кәсіпкерлікке жалпы сомасы 155 миллион теңгеге пайызсыз несие берілді.
«Таңдау» жобасы қайтарылған қаражатты жаңа бизнес бастамаларға қайта инвестициялауды, шағын және орта бизнесті ұзақ мерзімді қолдау мен дамытуды көздейтінімен ерекше. Ол Жылыой ауданында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың маңызды құралына айналып, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамдастықтың дамуына оң ықпал етуге бағытталған.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова «Таңдау» жобасының тұрғындар арасында сұранысқа ие екендігін және өзінің тиімділігін дәлелдегенін баса айтты.
- «Таңдау» Жылыой ауданының тұрғындары үшін үлкен мүмкіндіктер береді, өйткені жобаның негізгі нәтижелерінің бірі халықтың осал топтарын, соның ішінде көп балалы отбасыларды және жастарды қолдау және тарту болды. Қатысушыларға бизнесте табыс тілейміз және жобаны жалғастыра береміз деген үміттеміз», - деді Гүлнафис Айшуақова.
Сонымен қатар, бұл күні бағдарламаның үшінші кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Олар - 18 адам, оның ішінде 13 көп балалы отбасы, 8 әйел, 8 жастар өкілі және Теңіз кен орнының мердігерлік ұйымдарынан босап келген 5 адам. Жобаның осы кезеңінде білім беру, автосервис, ет өнімдері, азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері, тігін өндірісі, ақпараттық технологиялар сияқты бизнес бағыттарын қолдау үшін несиелер бөлінді. Келіп түскен өтінімдерді ТШО, ОАЕҚ қызметкерлері және бизнес саласында үлкен тәжірибесі бар жергілікті тәуелсіз кәсіпкерлер бағалады.
Байқау жеңімпаздарының бірі Жоламан Исабек айтқандай, ол жобаға күмәнданған, бірақ кейін нақты нәтижелер мен алдыңғы қатысушылардың жетістіктерін көрген.
- Тренинг маған өз бетімше бизнес-жоспар құруға және құнды заманауи білім алуға көмектесті. Менің автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар сататын дүкенім бар, клиенттер маған жақын маңда шина жөндеу орталығын ашуды жиі сұрайтын. Оны заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырып, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында «Таңдау» жобасының грантына құжаттар тапсырып, жеңіп алдым. Ендігі жоспарым жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту», – дейді Жоламан Исабек.
«Теңізшевройл» компаниясы тарапынан «Таңдау» жобасының үйлестірушісі Асқар Ибрагимовтың айтуынша, бағдарлама кәсіпкерлерге өз біліктіліктерін арттырып, табысты бизнес жүргізуге қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді. Жылыой ауданының тұрғындары ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, бөлшек сауда, қызмет көрсету сияқты түрлі салаларда жаңа кәсіпорындар ашуға мүмкіндік алды. Бұл аймақтағы экономикалық өсуді ынталандырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашты.
«Бағдарлама жастардың, әйелдердің және Теңіздегі демобилизацияланған жұмысшылардың кәсіпкерлік бастамасын дамытуға септігін тигізгенін ерекше атап өткен жөн. Осылайша, «Таңдау» пилоттық бағдарламасы Жылыой ауданында неғұрлым инклюзивті және тұрақты экономика құрудың маңызды құралына айналды. Жалпы алғанда, микроқаржыландыру пилоттық жобасы өзінің тиімділігі мен маңыздылығын көрсетті және оның табыстылығы бағдарламаны кеңейту және оны ұзақ уақыт бойы жүзеге асыру үшін тамаша негіз болып табылады», - деді жабылу рәсімінде жобаның үйлестірушісі Асқар Ибрагимов.
Айта кетейік, «Таңдау» жобасы Атырау облысында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап жүзеге асырылып келеді. Қатысушылар стратегиялық және қаржылық жоспарлау, маркетинг және бизнесті дамыту бойынша білім алады, сондай-ақ 5 жылға пайызсыз несиеге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу мүмкіндігіне ие болады.