Өнімдеріміз

Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.

production-icon

Кешенді технологиялық желі – КТЖ

1993 жылы Теңіз кен орнындағы өндірісті өз қолына алған «Теңізшевройл» ЖШС мұнай мен газды айыру зауытын өз иелегіне қабылдады. Теңіз кен орнындағы зау...

Толығырақ

Кешенді технологиялық желі – КТЖ

1993 жылы Теңіз кен орнындағы өндірісті өз қолына алған «Теңізшевройл» ЖШС мұнай мен газды айыру зауытын өз иелегіне қабылдады. Теңіз кен орнындағы зауыттың алғашқы буыны КТЖ (Кешенді технологиялық желілер) деп аталады. Өз қызметін жүргізу барысында ТШО КТЖ-ны ұлғайту және жетілдіру ісіне қаржы құйды. Бүгінде КТЖ тиімділігі айтарлықтай артқан және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз бес мұнай және газ технологиялық желісінен тұрады. 1991 жылы іске қосылған КТЖ-1 нысаны екі желіден тұрады және әр желінің өндіріс қуаттылығы шамамен тәулігіне 7000 тоннаны құрайды. 1996 жылы дәл сондай қуаттылығы бар екі желіден тұратын КТЖ-2 жұмыстары сәтті аяқталып, нысан іске қосылды. 2001 жылы Королев кен орнынан алғашқы мұнай алынуымен қатар, КТЖ зауытының соңғы бесінші желісі пайдалануға берілді. Бесінші желінің қуаттылығы тәулігіне шамамен 11-12 мың тоннаны құрайды.

Complex-Technology-Line

Екінші буын зауыты –ЕБЗ

2008 жылы өндірістік активтерді кеңейтудің екінші буыны жобасы жүзеге асырылған кезде ТШО-ның өндірістік қуаттылықтары артты. Аталмыш жоба аясында екі...

Толығырақ

Екінші буын зауыты –ЕБЗ

2008 жылы өндірістік активтерді кеңейтудің екінші буыны жобасы жүзеге асырылған кезде ТШО-ның өндірістік қуаттылықтары артты. Аталмыш жоба аясында екінші буын зауыты (ЕБЗ) және шикі газ айдау (ШГА) зауыты салынды. Осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде ТШО Теңіз кен орнындағы мұнай өндірісін екі есеге ұлғайтып қана қоймады, сондай-ақ, экологиялық көрсеткіштерді жақсартты және өндіріс тиімділігін арттырды. Компания өндірістік қуаттылықтарды кеңейту жобасын 2008 жылдың 3-тоқсанында аяқтап, соның арқасында мұнай өндірісі тәулігіне 75 000 тоннаға (600 мың баррель), ал газ өндірісі 22 млн текше метрге (750 млн стандартты текше фут) жетті. Екінші буын зауыты мұнайды тұрақтандырады, оның құрамынан күкіртті айырады, сонымен қатар тауарлық газ бен элементарлық күкірт алу үшін табиғи газды ажыратып, өңдейді. Екінші буын зауыты шикі мұнайды өңдейтін әлемдегі ең үлкен технологиялық желі болып табылады.

SGP

Шикі газ айдау – ШГА

Қойнауқаттағы қысымды сақтау үшін ШГА өндірілген шикі газдың үштен бір бөлігін Теңіз кен орнындағы қойнауқатқа өте жоғары қысыммен кері айдайды. Айдау...

Толығырақ

Шикі газ айдау – ШГА

Қойнауқаттағы қысымды сақтау үшін ШГА өндірілген шикі газдың үштен бір бөлігін Теңіз кен орнындағы қойнауқатқа өте жоғары қысыммен кері айдайды. Айдау компрессоры әлемде теңдесі жоқ, шикі газ айдау технологиясы саласындағы соңғы жетістіктердің айқын белгісі болып табылады. Шикі газ айдау зауыты ТШО компаниясының жалпы мұнай өндірісінің шамамен 25%-ын қамтамасыз етеді, сонымен қатар қойнауқаттағы қысымды сақтап тұруға мүмкіндік береді.

SGI

«Теңізшевройл» ЖШС шикі мұнаймен қатар, табиғи газ, күкірт және сұйытылған көмірсутек газды (СКГ) да өндіреді.

Products

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

production_security

Төтенше жағдайлар және мұнай төгілім оқиғаларын алдын алу

«Теңізшевройл» ЖШС өз өнімін өткізу кезінде қауіпсіз тасымалдау мен сапаны бақылау арқылы Өнім сапасын басқару практикасының ең жоғары стандарттарына ...

Толығырақ

Төтенше жағдайлар және мұнай төгілім оқиғаларын алдын алу

«Теңізшевройл» ЖШС өз өнімін өткізу кезінде қауіпсіз тасымалдау мен сапаны бақылау арқылы өнім сапасын басқару практикасының ең жоғары стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді. Арнайы тағайындалған кәсіпқой мамандар тобы өнімнің бүкіл өміршеңдік кезеңі барысында денсаулық, қоршаған орта, қауіпсіздік және сапаға төнетін ықтимал қатерлерді бағалау және азайту жұмыстарымен айналысады. Бұл топ қауіпсіздікті тексеру және техникалық аудит жүргізу арқылы тапсырысшылар мен қызметтерді жеткізушілердің өнеркәсіптік өнімдердің сапасын басқару бойынша озық практикаларын қолдануын қоштайды. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) ТШО мұнай өндірудің негізгі бағыты болып табылады. Ұзындығы 1500 км құбыр ТШО-ның Теңіз кен орнын Қара теңіздегі КҚК терминалымен байланыстырады. Сондай-ақ ТШО Балтық құбыры жүйесіне контингенттік құбыр және Одесса, Украинадағы мұнай терминалына теміржол қатынасын қамтамасыз етеді. Барлық СКГ және күкірт жөнелтілімдері тұтынушылар мен терминалдарға теміржол көлігі арқылы жеткізіледі.

operations5

Жұмысты қауіпсіз орындау - ТШО-ның басты құндылығы және әрбір қызметкердің міндеті

2021 жылы ТШО және мердігер қызметкерлері 123 миллионнан астам сағат жұмыс жасады, сол аралықта 10 жұмыс күндерін жоғалтқан оқиға орын алды. Бұл жоғар...

Толығырақ

Жұмысты қауіпсіз орындау - ТШО-ның басты құндылығы және әрбір қызметкердің міндеті

2021 жылы ТШО және мердігер қызметкерлері 123 миллионнан астам сағат жұмыс жасады, сол аралықта 10 жұмыс күндерін жоғалтқан оқиға орын алды. Бұл жоғары көрсеткіш болғанымен ТШО жұмыс орнында жарақат алуды мүлдем болдырмауға талпынады және осы бағытта қарқынды жұмыс жасап келеді. Осы міндеттемелерді орындау қауіпсіз құрылыс пен жұмыстың екі іргетасы болып саналатын өлім оқиғасын алдын алу мен технологиялық процесс қауіпсіздігінде жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді.

Working-safely-TCO-core-value

COVID-19 пандемиясына қарсы бағытталған шаралар

ТШО адам денсаулығы мен гигиенасы бойынша қырағылық танытып келеді және осы мәселеге үлкен жауапкершілік және сақтықпен қарайды. ТШО жұмыс күшінің қау...

Толығырақ

COVID-19 пандемиясына қарсы бағытталған шаралар

ТШО адам денсаулығы мен гигиенасы бойынша қырағылық танытып келеді және осы мәселеге үлкен жауапкершілік және сақтықпен қарайды. ТШО жұмыс күшінің қауіпсіздігі үшін алдын алу шараларын қолданады. Біздер COVID-19 тарауына қатысты қосымша жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар/медициналық көмекке жүгінген жағдайларды тіркеуді жалғастырып келеміз. 2022 жылы ТШО жұмыстың вахталық, 5/2 және гибридті түрлерін сақтай отырып жұмыс орындарына оралу шарасын бастады.

Actions-prevent-COVID-19-spread

01

Еңбекті қорғау және қауіпсіздікті басқару процесі

02

Процестің қолданылу аясы

03

ТШО-мен серіктестік қатынас құру

04

Адамдарды қорғау

01

Еңбекті қорғау және қауіпсіздікті басқару процесі

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.

02

Процестің қолданылу аясы

CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.

03

ТШО-мен серіктестік қатынас құру

Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.

04

Адамдарды қорғау

ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

«Теңізшевройл» компаниясы Жылыой ауданына қолдау көрсетуді жалғастыруда

қаң. 5, 2025, 09:33 AM by Nurtay Nudiyev
Жаңа жыл қарсаңында Жылыой ауданы әкімдігінің сұрауы бойынша екі арнайы жол техникасы сатып алынып, сыйға тартылды: SDLG автогрейдері мен KADEME жиып-тазалауыш мәшинесі, сондай-ақ Отбасын қолдау орталығына шағын автобус берілді.

Техниканы салтанатты түрде табыстау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова: «Тапсырылған техника Жылыой ауданының коммуналдық қызметтеріне маңызды көмекші болады. Қыс мезгілінде жолдарды уақытылы тазалау тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуде елеулі рөл атқарады. Біз «Теңізшевройл» компаниясына біздің өңірімізге ұдайы қолдау көрсетіп, көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтамыз. Мұндай ынтымақтастық өмір сапасын жақсартуға және жергілікті инфрақұрылымды дамытуға көмектеседі».

Жылыой сияқты климаттық жағдайы қатаң аудан үшін жол инфрақұрылымын қолдау мәселесі әрқашан өзекті болып келеді. Жазда шаң-тозаң мен балшық жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қолайсыздық туғызса, ал қыстағы қар көп жағдайда көктайғақтың пайда болуына әкеліп, көлік қозғалысын қиындатады. Сыйға берілген машиналар осы қиындықтарды шешуге ықпалын тигізеді. SDLG автогрейдері жол жабынын тегістеуге, жолдарды жөндеуге дайындауға және қыс мезігілінде қар тазалауға пайдаланылатын болады. KADEME жиып-тазалауыш мәшинесі жаяужолдар мен жолдарды тазалаудың таптырмас көмекшісі болып, коммуналдық қызметтерге аумақты тазалау мәселелерін жылдам шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ТШО-ның көпжылдық серіктестерінің бірі Құлсары қаласындағы Отбасын қолдау орталығына жаңа шағын автобус табыстады. Бұл қадам орталықтың жұмыс істеу жағдайын жақсартуға және қолдауға мұқтаж отбасыларға сапалы көмек көрсетуге бағытталған.

Оған қоса, «Теңізшевройл» компаниясының өзі Құлсары қаласының орталық аудандық ауруханасына күйікке қарсы кереует сатып алды, ол ауыр күйікке шалдыққан науқастарды емдеудің маңызды элементіне айналады. Кереует күйікке шалдыққан науқастарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге, ауырсынуды азайтуға, асқыну қаупін ықшамдауға және сауығу процесін тездетуге көмектеседі.

Еске сала кетейік, өткен жылы «Теңізшевройл» компаниясы Атырау облысына 2,5 миллион АҚШ долларынан астам сомаға демеушілік көмек көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Атырау облысына, соның ішінде Құлсары қаласына көрсетілген демеушілік көмек аясында 3 инватакси, Жылыой ауданына 6 жедел жәрдем көлігі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының үздіксіз жұмыс істеуі үшін 4 бірлік арнайы техника берілді. Жуырда Құлсары қаласының Береке шағын ауданында «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында салынған №13 жаңа мектеп ашылды.