Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
13 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясының басшылығы 2024 жылы отандық тауарларды сатып алу туралы есеп беріп, 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Компанияның бас директоры Кевин Лайон өткен жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу сомасы шамамен 3 миллиард АҚШ долларын құрағанын хабарлады. Бұл ретте ТШО ынтымақтастығы Атырау облысын ғана емес, еліміздің басқа өңірлерін де қамтыды. Ол компания жергілікті өндірушілермен белсенді жұмыс істеп жатқанын және қазақстандық кәсіпорындарды жеткізу тізбегіне барынша тартуға ұмтылатынын атап өтті.
"2024 жылдың шілдесінде ТШО қазақстандық өндірушілермен, соның ішінде Sigma Solutions, Honeywell Automation Controls system және FAD Kazakhstan өндірушілерімен өзара түсіністік туралы тоғыз меморандумға қол қойды. Олар қазірдің өзінде біліктілікке ие болды, ал тағы алты компания техникалық бағалау процесінде. Күрделі жөндеуге арналған жабдықтардың жергілікті өндірісін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді", — деді ТШО бас директоры.
Сондай-ақ, компания өз сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жоспарлары туралы мәлімдеді. 2024 жылы бұл көрсеткіш 69% жетсе, ал алдағы онжылдықта ол 75% дейін өседі.
Кевин Лайон өз баяндамасында ұлттандыру туралы мәліметтермен бөлісті. Бүгінгі таңда ТШО қызметкерлерінің 96% Қазақстан азаматтары. Бұл ретте жүздеген қазақстандық қызметкерлер шетелдік мамандарды алмастыра отырып, негізгі және аса маңызды техникалық және басшылық позицияларға ие болды. Компания ұлттандыру процестеріне назар аударуды жалғастыруда және алдағы жылдары бұл көрсеткішті 98% жеткізуді жоспарлап отыр.
ТШО-ның ел экономикасына қосқан елеулі қаржылық үлесі қалып отыр. Айта кетейік, компания тек 2024 жылы 11 миллиард доллардан астам салық төледі, ал 1993 жылы ТШО құрылғаннан бері Қазақстанға төленетін төлемдердің жалпы көлемі 201 миллиард доллардан асты.
Сонымен қатар, Кевин Лайон өткен айда ТШО Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытында (3GP) мұнай өндіруді сәтті іске қосқанын еске салды. Алдағы айларда компания өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр және толық қуатына шыққаннан кейін кәсіпорын ТШО-ның жылдық өндірісін 12 миллион тонна мұнайға ұлғайтады. Бұл Қазақстан үшін республикалық бюджетке тікелей қаржылық төлемдер есебінен айтарлықтай қосымша табысты қамтамасыз етеді.