Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
Құлсары қаласында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), Жылыой ауданының әкімдігі және 36 мердігер ұйымдардың арасында Жылыой ауданының жұмыссыз азаматтарын жұмыспен қамту мәселелері бойынша үшжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
“Жылыой ауданы әкімдігінің жергілікті халықты жұмыспен қамту жөніндегі бастамаларының жүзеге асырылуына ТШО мен оның мердігерлері қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Осылайша, Теңіз кеніші орналасқан аймаққа өзінің адалдығы мен әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуде. Бұл меморандум жергілікті тұрғындарға көбірек мүмкіндік береді деген сенімдемін”, - деп Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов атап өтті.
Аталмыш меморандум бос жұмыс орындарын электрондық еңбек биржасына жариялау және Жылыой ауданының Мансап Орталығына қызметкерлерді қабылдау немесе босату туралы ақпарат беру сияқты салаларды реттейтін болады. Айта кететін болсақ, мұндай бастамалар ТШО тарапынан жергілікті азаматтардың жұмыспен қамтылуын қолдау үшін жасаған алғашқы қадамдар емес. Мәселен, осыған дейін компания Мансап Орталығы мен ТШО мердігерлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту алгоритмін әзірлеп, оның нәтижесінде 2023 жылы 1067 Жылыой ауданының тұрғыны жұмысқа орналасқан болатын. Сонымен қатар, 2019 жылдан бері ТШО жұмыссыз тұрғындарға арналған арнайы техникалық мамандықтар бойынша оқытуды қаржыландыруда. Оқуды тәмамдағаннан кейін шамамен 2025 адам жұмысқа орналастырылды.
ТШО бас директоры Кевин Лайон өз сөзінде: «Жылыой ауданы ТШО үшін ерекше маңызға ие және осы өзара түсіністік туралы меморандум Жылыой ауданындағы жұмыспен қамту мүмкіндіктеріне қосымша жағдай жасайтынына сенімдімін. Осы бастамаға бізбен бірге ТШО-ның 36 мердігер ұйымның қосылуы серіктестік рухының дәлелі және Жылыой ауданын қолдау баршамыздың ортақ мақсатымыз екенінің көрінісі болып табылады».
Бұған дейін ТШО Келешек кеңею жобасы (ККЖ) аясында Үшінші буын зауытынан шикі мұнайды қауіпсіз өндіру туралы жариялаған болатын. Құрылыс жұмыстарының шыңында 90 000-ға жуық жұмыс орны құрылып, 37 500-ден астам оқу курстары өткізілген болатын.
Айта кететін жәйт, ТШО қызметкерлерінің 96% қазақстандықтар болып табылады, ал компанияның өзі үшінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші болып танылды.