Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
2025 жылғы 2–3 қазан аралығында Астана қаласында Kazakhstan Energy Week – 2025 апталығы аясында XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы өтті. Энергетика саласындағы бұл ауқымды іс-шара 50 елден келген 300-ден астам қатысушының басын қосты. Биылғы форумның тақырыбы – «Жаңа энергетикалық тәртіп: Орта державаларға назар аудару». Мұндай державалар қатарына географиялық орналасуы бірегей, энергетикалық әлеуеті зор Қазақстан Республикасы да кіреді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумға қатысушыларға арналған Үндеуін оқып берді: «Біз еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен дербестігін нығайта түсу үшін ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Осы маңызды іске халықаралық серіктестеріміз зор үлес қосып келеді. Қазақстан энергетика саласына инвестиция тартуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға баса мән береді. Бұл тұрғыдан алғанда, еліміз жауапкершілігі жоғары орта держава ретінде беделді халықаралық ұйымдармен байланысын бекемдей түсуге мүдделі».
Аталған форум, сонымен қатар, KAZENERGY қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді.
«Қатарының алды болып, тұтас субконтиненттер мен өңірлердің дамуында жетекші рөлі айқын орта державалар бүгінде жаһандық энергетика нарығында үрдіс қалыптастырушы күшке айналуда. Бұл орайда, Kazakhstan Energy Week – 2025 апталығы мен XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы аясындағы талқылар жаһандық энергетикадағы бетбұрысты кезеңінде әлем алдында тұрған міндеттер мен сын-қатерлерге кәсіби тұрғыдан қарауға бағытталды. Әлемдегі энергетикалық қауіпсіздік, озық технологияларды жедел енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері сарапшылар тарапынан кеңінен талқыланды», – деді KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов.
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ең ірі оператор – «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) дәстүрлі түрде Форумның бас демеушісі ретінде қатысып отыр. Компания Қазақстанның төмен көміртекті болашаққа бағытталған көзқарасын және ауқымды энергетикалық бетбұрысты қолдайтынын тағы бір мәрте көрсетті. ТШО өз қызметінде қолданылып жатқан техникалық және цифрлық инновациялық шешімдерді таныстыра отырып, энергетика саласындағы ілгерілеуге ықпал етуші рөлін айқындады.
ТШО бас директоры Уильям Лакобидің айтуынша: «ТШО 30 жылдан астам уақыт бойы қауіпсіз әрі сенімді түрде Қазақстан игілігіне қызмет етіп келеді. 1993 жылы 1 миллион тонна мұнай өндірісінен бастап, 2024 жылы бұл көрсеткіш 28 миллион тоннаға жуықтады. Теңіз және Королев кен орындары – әлемдегі ең күрделі техникалық нысандар қатарында, және ТШО акционерлерінің қолдауымен бірегей жаһандық технологиялық шешімдер мен салалық үздік тәжірибелерді табысты түрде енгізіп келеді».
ТШО деректерді талдау және жасанды интеллект саласындағы бастамаларды да белсенді түрде қолдауда. Бұл бағыттарда алдын ала техникалық қызмет көрсету, тиімділікті арттыру, күнделікті операцияларды автоматтандыру және логистика мен сатып алу процестерін интеллектуалды оңтайландыру секілді шешімдер қамтылған. Инновациялық технологиялар мен қауіпсіз әрі сенімді жұмысқа адалдығының арқасында ТШО кейінгі он жыл ішінде (2015–2024) зауыттардың орташа сенімділік көрсеткішін 98%-дан жоғары деңгейде ұстап тұр, бұл өз кезегінде Қазақстанға тұрақты табыс әкелуге мүмкіндік берді.
Сонай құрылған сәтінен бастап, ТШО Қазақстан Республикасына 206 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей қаржы төлеп, соның арқасында елдің экономикалық дамуына елеулі үлесін қосып келеді.