Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
«Теңізшевройл» (TШО) 2025 жылдың қыркүйек айында Энергетика министрлігімен бірлесіп әзірлеген ел ішіндегі құндылықты дамыту жөніндегі кешенді бағдарламасы бойынша бастапқы нәтижелерімен бөлісті. Аталмыш бағдарлама ТШО-ның алдағы бес жылға арналған Қазақстандық қамтуды дамыту стратегиясының негізі болады.
«ТШО қазақстандық қамтуды дамыту еліміз үшін стратегиялық мәселе екенін түсінеді және біз оны қолдай келе, қазақстандық тауарлардың, жұмыс пен қызметтердің үлесін өсіруді жалғастырамыз», - деп атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.
1993 жылдан бері үстіміздегі жылдың бірінші жартысына дейін ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерге 51,4 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат жұмсағанын айта кеткен жөн.
ТШО-ның ел ішіндегі құндылықты дамыту бағдарламасы жергілікті өндірісті ілгерілетуге, жеткізушілердің біліктілігін арттыруға, қазақстандық өндірушілерді қолдауға бағытталған тендерді өткізу тәсілін жетілдіруге және бірлесіп жұмыс жасау әдістерін жақсартуға ықпал етеді. Компания клапандар, электр жабдықтары, бақылау және өлшеу аспаптары, құбырлар, ауаны желдету жүйелері, химиялық заттар, майлар, бояулар, сорғылар, оқшаулағыш материалдар және бекіткіштер сияқты негізгі өнім санаттары бойынша жергілікті өндірісті дамытуға күш салып жатыр.
Сонымен бірге ТШО жеткізушілерді дамыту бойынша өз бағдарламасы арқылы қазақстандық өндірушілердің техникалық стандарттарға сай болуларына қолдау көрсетеді. Сол бағдарламаның шеңберінде сарапшы мамандар өндіріс орындарына барып, құжат негізінде аудит жүргізіп, жергілікті компанияларды ТШО-ның бекітілген өндірушілер тізіміне енгізу үшін олардың халықаралық сертификаттарды алуларына көмек көрсетеді.
2024 жылдан бері ТШО 16 қазақстандық өндіруші компаниялардың біліктілігін тексеріп, оларды ТШО-ның бекітілген өндірушілер тізіміне енгізді, осылайша олардың ТШО талаптары мен стандарттарына сай келетінін мойындады.
Ел ішіндегі құндылықты дамыту бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі — ТШО-ның қазақстандық тауарларға жұмсайтын үлесін арттыруға қолдау көрсету. Қазіргі таңда компания бұл көрсеткішті ұлғайту бағытында жұмыс атқарып жатыр: 2025 жылдың тамыз айына дейінгі ТШО-ның қазақстандық тауармен қамту үлесі 9% болды, бұл жалпы 270 миллион АҚШ доллары көлеміндегі тауарға жұмсалған қаражаттың ішінен 24 миллион АҚШ долларын құрайды, демек ТШО мұнай-газ компаниялары арасында жергілікті тауарларды сатып алу бойынша бірінші орында.
Осы нәтижеге қол жеткізу үшін ТШО 2025–2029 жылдарға арналған қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі бес жылдық жол картасы стратегиясын әзірледі. Бастамалардың бірі — үздіксіз жетілдіру, оған ТШО бөлімдерінің мақсаттарын қызметтің негізгі көрсеткіштері (KPI) арқылы бағалау кіреді.
Сонымен бірге ТШО тендер ұсыныстарын іріктеу кезінде бағадан сәл ауытқуға жол беретін Қазақстандық тендер және қазақстандық жеткізушілерге басымдық беру әдістерін әзірледі. Бұл жүйе кемінде үш қазақстандық компания өтінім берген жағдайда, бәсекеге қабілетті жергілікті жеткізушілердің ұсынысы басым болуына мүмкіндік жасайды.
Құны жоғары тауарлар бойынша ТШО маңызды жабдықты қамтамасыз ету және жергілікті өнеркәсіптің дамуына қолдау көрсету мақсатында ұзақ мерзімді келісімшарттарды пайдаланады.
Жуырда ТШО IMBC форумына қатысып, жергілікті компаниялармен жалпы сомасы 150 миллион АҚШ долларын құрайтын 8 келісімшарт пен 4 өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
ТШО Жылыой ауданында әлеуметтік осал топтарды қоса алғанда, жергілікті шағын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Таңдау» атты пайызсыз микроқаржыландыру бастамасын іске асырып жатыр. Тек 2024 жылдың өзінде 300-ден астам өтінім қабылданып, 44 бизнеске қаржылай көмек берілді.