Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өңірлік денсаулық сақтау жүйесін қолдау аясында Атырау облысының қажетіне 25 жедел медициналық жәрдем көлігін сыйға тартты.
Жаңа техника жедел жәрдем қызметінің автопаркін едәуір жаңартуға мүмкіндік береді. Әрбір көлік заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл тасымалдау кезеңінде-ақ жоғары деңгейде шұғыл көмек көрсетуге жағдай жасайды. Бұл демеушілік көмек науқасқа жету уақытын қысқартуға ғана емес, сонымен қатар жедел жәрдем бригадасы көрсететін қызметтің қауіпсіздігін арттыруға және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Бүгінде облыстық станция тәулігіне 1000-нан астам шақырту қабылдайды.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға тек мемлекет қана емес, өңірдегі ірі компаниялар да, соның ішінде «Теңізшевройл» компаниясы да үлес қосып жатқанын атап өтті. «Бүгін сіздер осы серіктестіктің нақты нәтижесін көріп отырсыздар: Атырау облысының ең ірі жер қойнауын пайдаланушысы, ТШО компаниясы, жедел жәрдем көліктерін табыстап жатыр. Бұл техника медициналық көмектің қолжетімді болуына, сапасын арттыруға бағытталған, демек бұл өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді».
Жаңа жедел жәрдем көліктері ең алдымен облыстың шалғай елді мекендері мен ауылдық аумақтары үшін ерекше маңызды. Мамандар атап өткендей, облыстық жедел жәрдем станциясында арнайы техниканы беру – бұл жай ғана автопаркті жаңарту емес, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына, халықтың жедел жәрдем қызметіне деген сенімін арттыруға және медициналық бригадалардың қауіпсіз жұмыс ортасын құруға қосылған үлес.

— «Жедел медициналық жәрдем автопаркін жаңарту біздің жұмысымыз үшін аса маңызды. Біз ТШО-ға қолдауы және Атырау облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан нақты үлесі үшін алғыс білдіреміз», — деді Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Айбек Орынбасарұлы.
Арнайы медициналық техниканы беру ТШО-ның Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен ұзақ мерзімді серіктестігінің кезекті кезеңі болды. Бұл серіктестік әлеуметтік саланы дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға және өңір тұрғындарын сапалы әрі уақытылы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған.

— «Жедел медициналық жәрдем көліктерін беру – бұл ТШО-ның шұғыл медициналық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және күн сайын адам өмірін сақтап қалатын медицина қызметкерлерін қолдауға қосқан үлесі. Біз халықтың өмір сапасын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдаймыз», — деді ТШО бас директоры Билли Лакоби.

ТШО дәстүрлі түрде инклюзияны, салауатты өмір салтын және тең мүмкіндіктерді дамытуға ықпал ететін әлеуметтік бастамаларды қолдауға баса назар аударады. 1993 жылдан бері ТШО Атырау облысы халқы мен қызметкерлеріне арналған түрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 3,6 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.