Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
2026 жылғы 23–24 сәуірде Атырау қаласында Қазақстан мұнайшы геологтар қоғамы (ҚМГҚ) ұйымдастырған Atyraugeo‑2026 VI Халықаралық ғылыми‑тәжірибелік геологиялық конференциясы өтті. Іс‑шараға алтыдан астам елден келген 250‑ге жуық маман, сондай‑ақ Атырау облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ‑ның, KAZENERGY қауымдастығының, сала ұйымдары мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) конференцияның негізгі қатысушыларының бірі әрі алтын демеушісі ретінде салааралық диалог пен кәсіби байланыс орнатылуын қолдады.

Қазақстан Республикасы Энергетика вице‑министрі Ерлан Ақбаров өз сөзінде мұнай‑газ саласының жаңа кезеңге аяқ басқанын, енді мамандардың аса терең қабаттарда көмірсутектерді барлап өндіруі қажет екенін атап өтті. «Бұл заманауи технологияларды дамытуды және қолдануды талап етеді».
Теңіз кен орны әлемде игеріліп жатқан ең терең әрі технологиялық тұрғыдан күрделі кен орындарының бірі ретінде танымал. Жаңа технологияларды енгізу және 2025 жылы Үшінші буын зауытының іске қосылуы нәтижесінде ТШО‑ның шикі мұнай өндіру көлемі 39 млн тоннаға жетті.
Конференция шеңберінде қазақстандық мұнайшы геолог, ҚМГҚ-ның негізін қалаушы Балтабек Қуандықов туралы кітаптың тұсаукесері өтті. ТШО аталған кітаптың басып шығарылуына демеушілік қолдау көрсетіп, геология саласының кәсіби мұрасын сақтау бастамасына өз үлесін қосты.

ТШО кен орнын игеруді басқару бөлімінің менеджері Алексей Высоцкийдің айтуынша:
«Балтабек Мұханұлының Қазақстандағы геология және барлау саласын дамытуға және заманауи Теңіз кен орнын игеруге қосқан үлесі ерекше мәнге ие. Біз оның ғылыми және кәсіби мұрасын сақтауға, соның ішінде кітапты басып шығаруға қолдау көрсете алғанымызға шын жүректен қуанып отырмыз».

Конференция барысында Балтабек Қуандықовтың қазақстандық кадрларды дамытуға қосқан үлесі де ерекше атап өтілді. Оның еңбектері, білімі мен кәсіби қағидаттары жергілікті мамандардың қалыптасуында маңызды рөл атқарып, олардың көпшілігі бүгінде компанияда жетекші лауазымдарда қызмет атқарып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ТШО‑дағы қазақстандық қызметкерлердің үлесі 96% болғанын айта кеткен жөн.