Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
Құлсары қаласында «Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының (ӘИБ) серіктестері – үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қатысуымен қорытынды шарасы өтті. Кездесу барысында серіктестер 2025 жылғы өз жобаларының нәтижелерімен бөлісті. Өткен жылы ӘИБ 15 жылдық мерейтойын атап өтті.
«Біз үшін Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына Жылыой ауданынан қатысатын үкіметтік емес ұйымдардың саны жылдан жылға артып келе жатқаны маңызды. Сонымен қатар, басқа да ҮЕҰ-лар аудан аумағында өз қызметін ұйымдастырып, жобаларын жүзеге асыруға ұмтылуда. Біз әлеуметтік бастамалардың өсіп, дамып келе жатқанын көріп отырмыз және жергілікті халықтың мүддесі үшін жаңа жобаларды іске асыру бағытында алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеуге үміттіміз», – деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнәфис Айшуақова.
Бағдарлама аясында ҮЕҰ өз жобаларын ұсынып, ТШО тарапынан қаржыландырылады. Бастамалар денсаулық сақтау, білім беру, экология, мәдени мұраны сақтау және азаматтық қоғамды дамыту бағыттарын қамтыды.

2025 жылы алғаш рет «Қазақия» қоғамдық қоры «Асыл мұра» жобасымен Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына серіктес болды. Жобаның мақсаты – дәстүрлі білім мен дағдыларды жастарға және ересектерге үйрету арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және дамыту, сондай-ақ қатысушылардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, ұлттық бірегейлігін қалыптастыру. Жоба барысында ер адамдар киіз үй және тұрмыстық жиһаз жасауды меңгерсе, әйелдер тоқу өнерін үйренді.
Жылыой ауданындағы «Зейін-Атырау» қоғамдық қоры «Qadam» жобасын жүзеге асыруды жалғастырды. Бұл жоба әйелдер мен олардың бизнес-бастамаларын қолдауға бағытталған. Өткен жылы жобаға тігін, шаштараз ісі, визаж, аспаздық және компьютерлік сауаттылық бойынша оқудан өткен 50 әйел қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар мотивациялық тренингтер мен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша курстардан өтті.
«Бағдарлама іске асырылған жылдар ішінде біз үкіметтік емес ұйымдармен бірге мықты әрі кемел қалыптасқан қауымдастық құра алдық. Бұл – ҮЕҰ өкілдері, әлеуметтік көшбасшылар және белсенді тұрғындар. Бүгінде біз бағдарламаның айналасында жауапкершілік алып, ұзақ мерзімді нәтижеге жұмыс істей алатын адамдарды көріп отырмыз. ӘИБ аясындағы компанияның басты міндеттерінің бірі – әлеуметтік серіктестерге қолдау көрсету ғана емес, ҮЕҰ-лардың әрі қарай өсіп, дербес дамуына жағдай жасау», – деп атап өтті ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаев.

2025 жылы ТШО Жылыой ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ұйымдарды да қолдады. Мәселен, 70 жергілікті зейнеткер шипажайда ем алды, зағиптар қоғамына музыкалық және бос уақытты ұйымдастыруға арналған жабдықтар берілді, ал аудан әкімдігіне халықтың қажеттіліктері мен аумақты абаттандыру мақсатында арнайы техника тапсырылды. Бұл қарым-қатынас, шығармашылық және әлеуметтік интеграция мүмкіндіктерін кеңейтті.
Жылыой ауданы әкімдігіне халықтың қажеттіліктері мен аумақты абаттандыру мақсатында коммуналдық және тазалау техникалары сынды арнайы техника тапсырылды. «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ауданның бес мектебінде инклюзивті сыныптар ашылды. Іске асырылған барлық жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауданның орнықты дамуына бағытталған.

ТШО алдағы уақытта да өзінің өндірістік қызметі шоғырланған және ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар орнатылған Жылыой ауданын жүйелі түрде қолдауды жалғастырады.