Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
Атырау облысына жасалған ресми сапар аясында Теңіз кен орнына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Атырау облысы әкімдігінің өкілдері келді.
Сапар барысында делегация өндірістік қызметтің экологиялық тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Теңізшевройл» ЖШС-нің (ТШО) қолданыстағы бағдарламаларымен танысты.
«Теңізшевройл қоршаған ортаны қорғауға ерекше мән береді. ТШО мұнай-газ саласына алғаш болып келген халықаралық компаниялардың бірі болғандықтан, біз оның қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаларын бағалаймыз», - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Сапар аясында ТШО өндірістік нысандары аумағын аралап, Теңіз кен орнындағы өндірістік нысандардың жұмысымен, қолданыстағы экологиялық бақылау және мониторинг жүйелерімен танысып, сондай-ақ суды тазарту және қайта пайдалану қондырғыларын қарады.
ТШО Бас директоры Уильям Лакоби қоршаған ортаны қорғау компания қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Теңізшевройл үшін қоршаған ортаны қорғау – қызметіміздің ажырамас бөлігі әрі тұрақты даму стратегиямыздың маңызды құрамдас бөлігі. ТШО көптеген жылдар бойы табиғатты қорғау жобаларына, экологиялық мониторинг бағдарламаларына және өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыруға жүйелі түрде қомақты инвестиция салып келеді. Осы күш-жігердің нәтижесінде компания шығарындыларды азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалдықтарды басқару салаларында нақты нәтижелерге қол жеткізуде», – деді ТШО Бас директоры Уильям Лакоби.
ТШО қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы кешенді бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың әр тоннасына шаққандағы атмосфералық шығарындылар көлемі 78 пайызға қысқарды. Бұл компанияның өндірістің экологиялық тиімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді.
Ерлан Нысанбаевқа ТШО-ның су ресурстарын ұтымды пайдалану стратегиясы туралы ерекше айтылды. Делегация аталған стратегияның негізгі элементтері болып табылатын кәріз-тазарту құрылыстарының (КТҚ) және суды қайта пайдалану қондырғыларының (СҚПҚ) жұмысымен танысты.Өндіріс көлемінің өсуіне қарамастан, компания өз инфрақұрылымына инвестиция салу арқылы сыртқы су көздеріне тәуелділікті азайтып отыр. Бүгінде кәсіпорында пайдаланылатын судың шамамен 50 пайызы қайта өңделіп, өндірістік жүйеге қайтарылады. Тазартылған ағынды сулар көпсатылы өңдеуден, соның ішінде кері осмос жүйесінен өтіп, техникалық су сапасына дейін жеткізіледі, содан кейін өндірістік үдерістерде пайдаланылады. Сонымен қатар қызметкерлер мен серіктестер арасында су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Экологиялық бақылаудың ашықтығын арттыру бағытындағы тағы бір маңызды қадам – Қоршаған ортаға эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйесін (ҚЭАМЖ) енгізу болды. ТШО бұл жүйені өндірістік нысандарда енгізу жөніндегі өз міндеттемелерін толық орындап, деректерді мемлекеттік жүйелерге нақты уақыт режимінде жіберіп отыр.
Қазіргі уақытта жүйеге тұрақты техникалық қолдау көрсетіліп, жабдықтарға қызмет көрсету және калибрлеу жұмыстары жүргізілуде, бағдарламалық қамтамасыз ету жетілдіріліп, ақпараттың сенімді әрі уақтылы берілуін қамтамасыз ету мақсатында деректер үздіксіз мониторингтен өтуде.
ТШО қалдықтарды басқару жүйесін де белсенді түрде дамытуда. Қазіргі таңда компания қалдықтардың 30-дан астам түрін қайта өңдеуге жібереді. Ал 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қайта өңделген қалдықтардың үлесі 35 пайызды құрады.
Сапар қорытындысында Ерлан Нысанбаев ТШО-ның өндірістің экологиялық тиімділігін арттыруға және табиғатты қорғаудың заманауи шешімдерін енгізуге бағытталған жұмыстарын атап өтті. Компания өкілдері бұл сапардың табиғатты қорғау бағдарламаларына, заманауи мониторинг технологияларына және тұрақты даму бастамаларына салынған көпжылдық инвестициялардың нәтижелерін айқын көрсетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.