Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) қызметкерлерді дамыту және оқыту барысының тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын белсенді түрде қолданады. Компанияда ЖИ, деректі талдау және цифрлық технологиялар бойынша бағдарламалар іске асырылады. Олар қызметкерлерге жаңа біліктілікті меңгеруге және күнделікті жұмысында заманауи шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді.
ТШО-ның цифрлық біліктілікті дамыту бағытындағы жұмыс тәсілдері туралы компанияның адам ресурстарын басқару бойынша бас менеджері Кәмшат Байжанова PetroHR-2026 конференциясында айтып берді. Аталған конференцияда ТШО бас демеуші ретінде қатысты.

«Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәстүрлі техникалық сараптаманы толықтыра отырып, кәсіби қызметтің маңызды бөлігіне айналып жатыр. Сонымен қатар дерекпен жұмыс істеу, цифрлық платформаларды пайдалану және жасанды интеллект құралдарын қолдану дағдыларының маңызы артып келеді», – деп атап өтті Кәмшат Байжанова.
ТШО қызметкерлерінің цифрлық біліктілігін дамыту жалпы қызметкерлерді оқыту жүйесінің бір бөлігі және техникалық даярлықпен, тәлімгерлік бағдарламаларымен, көшбасшылықты дамытумен және қауіпсіздік саласында оқытумен қатар жүреді. Компания жасанды интеллекті пайдалану бойынша тренингтерді, деректі талдау курстарын, Prompt-марафондарды, Prompt Engineering бойынша шебер дәрістерін және цифрлық бағыттағы арнаулы оқыту бағдарламаларын қамтитын бірқатар бастамаларды іске асырып келеді.
Кәмшат Байжанованың айтуынша, ТШО әртүрлі бөлімде жұмыс істейтін қызметкерлері үшін ЖИ құралдарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтіп, өндірістік міндеттерді орындауға арналған өз цифрлық шешімдерін әзірлеуге мүмкіндік беретін орта қалыптастырып келеді.
Осындай мысалдардың бірі ретінде өндірістік қондырғылар операторларына арналған, компания ішінде әзірленген AI Learning Assistant құралын атауға болады. Бұл құрал оқу және өндірістік ресурстарды бір интерфейсте біріктіріп, қызметкерлерге дайындалу, білімін тексеру және кәсіби даму барысында қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар цифрлық дағдыларды дамыту кәсіби біліктілік пен көшбасшылықтың маңызын еш кемітпейді. Компанияда техникалық мамандарды дамыту, тәлімгерлік, коучинг және болашақ жетекшілерді даярлау бағдарламалары жұмыс істеп келеді.
«Біздің мақсатымыз дәстүрлі оқытумен ғана шектелмейді. Біз әрбір қызметкерге үздіксіз дамуға, құндылық қалыптастыруға және өз әлеуетін күн сайын ашуға мүмкіндік беретін орта құруға ұмтыламыз», – деп атап өтті Кәмшат Байжанова.
ТШО цифрлық трансформация табысты өтуі үшін жаңа технологияларды енгізу ғана емес, қызметкерлердің өндірістік міндеттерді шешуде заманауи құралдарды тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін біліктілікті дамыту да маңызды деп есептейді.
Айта кету керек, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындакомпания қызметкерлерінің 96%-дан астамын Қазақстан Республикасының азаматтары құрады. Олардың біліктілігін дамыту ТШО үшін негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.