Атырау облысында тағы екі мектеп алды мекемесі бой түзеп, Құлсары қаласының бүлдіршіндеріне есіктерін айқара ашты. Екі балабақша да «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы аясында салынып, осы жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
Әрқайсысы 290 орындық екі балабақша үш-жеті жас аралығындағы балалардың оқу-тәрбиесіне арналған барлық керекті нәрселермен жабдықталған. Әр мекеменің аумағында 13 топтық алаң бар, алаңдар көлеңкелік шатыр мен ойын құралдары қойылған. Спорт алаңқайлары мен жеміс бақшасы да бар.
«Теңізшевройл» ЖШС Жылыой ауданына ерекше көңіл бөледі – оның аумағында Теңіз кен орны орналасқан. 2017 жылдың өзінде мұнда үш балабақша мен үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Олардың құрылысы «Игілік» бағдарламасы аясында қаржыландырылды.
«Теңізшевройл» ЖШС «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасын 1998 жылы жүзеге асыруды бастаған болатын. 20 жылда әлеуметтік маңызды инфрақұрылым жобаларына 250 млн. астам АҚШ доллары жұмсалды.