Атырау қаласында балаларға арналған жыл сайынғы турнирі

04 маусым 2019
Ecology

1-2 маусым күндері Атырауда балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған шахмат ойынының 7-ші турнирі өтті. Аталғаншараға қала және облыс мектептерінің   5 жастан 16 жасқа дейінгі оқушылары қатысты. «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) ұйымдастырған жарыс жыл сайын жазғы мектеп демалысы қарсаңында өткізіледі. Биылғы турнир Қазақстан  мұнайының 120 жылдығы шеңберінде өтті.

Шахмат турнирін өткізудің мақсаты – халықаралық балаларды қорғау күнін тойлау ғана емес, сонымен қатар балалар менжасөспірімдердің шахмат спортын дамыту және дәріптеу, өскелең ұрпақтың зияткерлік капиталын қалыптастыру және жетілдіру.

Турнир швейцарлық жүйе бойынша (ФИДЕ кодексіне сәйкес) екі кезеңде өтті. Алдын ала ойындарға және одан кейінгі финалдық жарыстарға әуесқойлар мен Қазақстан чемпиондары  , жалпы алғанда 130 бала қатысты. Спорттық дәрежесі жоқ балаларға турнир басталғанға дейін біліктілігін  анықтауға мүмкіндік берілді.  Ойынға  халықаралық деңгейдегі жас төреші Жәнібек Аманов бастаған Атырау облыстық шахмат федерациясының жаттықтырушылар алқасы төрелік етті. 

Жарыс жеңімпаздары барлық партияларда жинаған ұпай саны бойынша анықталды. Екі күндік турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесі санаттарға байланысты анықталды: 13-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар – 1-орын Боран Жазира мен Ғалымжанұлы Ибрагим, 2-орын Нұрғалиева Марина мен Рашидов Азамат, 3 – орын Тарасова Ульяна мен Маратов Самат, 11-12 жас аралығындағы ұлдар арасында Наумов Леонид – 1-орын, Қайыржан Еділ – 2-орын, 3-орын – Абдуллаев Аят, 10-12 жас аралығындағы қыздар арасында – 1-орын – Нұрғалиева Зарина, 2-ші орын – Сабырбайқызы Зарина, 3-ші орын – Сәрсенбі Зухра, сондай-ақ өте жас жеңімпаздар: 9-10 жас аралығындағы ұлдар – 1-ші орын – Жетпіс Ержан, 2-ші орын – Тлекқабыл Айбек, 3-ші орын – Құмархан Арсен, 9 және одан кіші жастағы қыздар – 1-ші орын – Муздак Зере, 2-ші орын – Бақытжан Сабина, 3-ші орын – Әділ Әсел, 8 және одан кіші жастағы ұлдар – Рахманберді Алиасқар – 1-ші орын, 2-ші орын – Оноглу Әли, 3-ші орын – Жетпіс Сұлтан. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Компания ұйымдастырған шахмат турнирі Атырау облысындағы жас ұрпақты жан-жақты қолдаудың  бір ғана үлгісі емес.  Сондай-ақ, ТШО әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы серіктестерінің көмегімен балалар атсалысатын бірқатар жобаларды қаржыландырады. Шахматқа келетін болсақ, балалар турнирінен басқа, ТШО  бірнеше жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жыл сайынғы Атырау шахмат фестивалінің ұйымдастырушысы да болып  келеді.