29 маусымда ҮБЗ құрылыс аумағында жұмыскерлер арасында тұлғааралық қақтығыс орын алып, нәтижесінде мердігер мекемесінің қызметкерлері бірнеше жарақат алған.
ТШО клиникасында өмірге қауіп төндірмейтін жарақаттары бар 30-дан аса жұмыскерлерге медициналық көмек көрсетілді.
Жағдай тұрақтанды және ТШО-ның басты назары жағдайды шешу және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау және өкілетті органдармен тығыз жұмыс атқаруға бөлінуде.
ҮБЗ құрылыс аймағындағы жұмыстар уақытша тоқтатылды, ал басқа ТШО нысандарында жұмыстар қалыпты тәртіппен жалғасуда.
Жергілікті мемлекеттік органдар, соның ішінде полиция қызметкерлері оқиға орнына келді.