«Теңізшевройл» ЖШС «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ң Атырау филиалына музыкалық жабдықты сыйға тартты

28 тамыз 2019
Ecology

2019 жылы 28 тамыз, Атырау қ. – «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ң Атырау филиалы (бұдан әрі - қоғам) заманауи музыкалық жабдықтармен толықты. Сыйға тартушы «Теңізшевройл» ЖШС болды. Компания қоғамның сұранысы бойынша 2 млн теңгеден астам сомаға музыкалық аспаптар мен акустикалық жабдықтар бергенін атап өтті.

«Біздің кішігірім сыйлығымыз Атырау соқырлар қоғамы мүшелерінің бос уақытын өткізуге және олардың шығармашылық дамуына ықпал етеді деген үміттеміз. Ортақтастыру және өзгешеліктерді құрметтеу ТШО мекемесінің басты құндылықтарының бірі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің барлық аспектілеріне қатысуларына көмектесетін бастамаларды қолдап отырғанымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті ТШО үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

«Қазақ соқырлар қоғамының» Атырау филиалында музыкалық құрал-жабдықтар бүгінгі күнге дейін өзекті мәселе болып тұрды. Қоғам төрағасы Жұпар Сәрсекенованың айтуынша, көру қабілеті бұзылған адамдар шығармашылыққа деген қызығушылық танытады, алайда қажетті жағдайлар мен қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығына байланысты өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік болмады. Сыйға алынған музыкалық аспаптар мен жабдықтар қоғам мүшелерінің бос уақытын сан алуан етіп өткізуге және қала мен облыстың түрлі шығармашылық конкурстарына қатысуға көмектеседі, деп ойымен бөлісті ол.

«Теңізшевройл» ЖШС мен «Қазақ соқырлар қоғамының» Атырау филиалы алғаш рет бірге қызмет істеп жатқан жоқ. 6 жыл бойы компания қызметкерлері еріктілер ретінде ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясындағы «Ынтымақ» әлеуметтік жобасы арқылы осы ұйымды белсенді түрде қолдап келеді. Бүгінгі таңда 200-ден астам адам қоғам мүшелері болып табылады.

Бұған дейін ТШО ағымдағы жылдың наурыз айында қалаға механикалық пандустармен жабдықталған 50 жаңа автобусты сыйға тартқан болатын, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға елеулі үлес қосты.

1993 жылдан бері «Теңізшевройл» ЖШС Атырау облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,8 млрд АҚШ доллардан астам қаржы жұмсады. Тиісінше 25 млн және 1 млн АҚШ доллар сомасында жылдық бюджеттері бар «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың ерікті бағдарламасы және әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы кәсіпорынның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы негізгі бастамалары болып табылады.