ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ және ЕҚДБ бірлескен бағдарламаның жетістіктерімен бөлісті

28 қараша 2019
Ecology

2019 жылы 28 қараша күні, Нұр-Сұлтан қ-сы – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мұнай және газ саласындағы қазақстандық үлесті дамытудың өзекті мәселелері бойынша шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған бизнес-семинар өткізді.

Шара барысында ТШО мен ЕҚДБ соңғы төрт жылда жүзеге асырылып жатқан бірлескен бағдарламаның аралық нәтижелерімен бөлісті. 2015 жылы іске қосылған бағдарлама мұнай-газ секторындағы ШОБ субъектілерінің мүмкіндіктері мен құзыреттерін дамыту құралы ретінде жүзеге асырылып келеді. Бағдарламада көрсетілетін қолдаудың бір түрі - консультациялық жобаларды ұйымдастыру және бірлесіп қаржыландыру, мұнда мұнай-газ секторы үшін қызметтер мен өнімдерді ұсынатын қазақстандық кәсіпкерлер ЕҚДБ мамандарының көмегімен жергілікті және шетелдік кеңесшілерді тарта алады.

Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап жергілікті кеңес берушілердің қатысуымен 26 жоба және халықаралық сала сарапшыларының қатысуымен 7 жоба іске қосылды. ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, аяқталған жобалардың ішінде бағдарлама қатысушыларының 73% -ында тауар айналымы орташа есеппен 66% -ға, ал жұмыс орындарының саны 32% -ға, ал еңбек өнімділігі 35% -ға артқан.

Артығалиев өзінің баяндамасын қорытындылай келе, қазақстандық жеткізушілердің ТШО сатып алу үрдісіне қатысуы артып келетінін атап өтті.

«Егер бес жыл бұрын отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалған қаражат көлемі 2,4 млрд. АҚШ долларын құраса, осы жылдың үшінші тоқсанының аяғында бұл көрсеткіш 3,4 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы «Теңізшевройл» ЖШС қызметі іске қосылған кезден бастап, қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтеріне жіберілген шығындардың жалпы құны 31 млрд. АҚШ долларынан асты» - деді ол.

Өз кезегінде, ЕҚДБ өкілдері, қатысушы бес кәсіпорын ТШО жеткізушісі атанғанын, сонымен қатар білікті бизнес-кеңес берушілердің көмегімен қызметтерін әрі қарай жетілдірудің нәтижесінде жеткізілім көлемін көбейткенін атап өтті.

ТШО мен ЕҚДБ бірлескен бағдарламасы аясында табыстар тарихы туралы презентациясымен қатар, шараға қатысушылардың барлығына «ТШО-ның сатып алулары және жергілікті нарықтағы мүмкіндіктер» презентациясы, сонымен қатар «Қауіпсіздік мәдениет негіздері» және «Мұнай-газ саласындағы сатып алу үрдісіне қатысуға дайындық» бойынша семинарлар өткізілді. Сондай-ақ, шара барысында Бағдарлама бойынша оқу өткізген консалтингтік мекемелерді марапаттау рәсімі болып өтті.