Алғаш рет Қазақстандағы кәсіпкерлерді компанияларда әйелдер мен еркектерге тең мүмкіндіктер құруға оқытты

19 қараша 2020
Ecology

Бір ай бойы шағын және орта бизнес өкілдері «Әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты онлайн-тренингтен өтті. Сабақ «Теңізшевройл» мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің жергілікті жеткізушілерді қолдау және дамыту жөніндегі бірлескен бағдарламасы аясында өткізілді. Өзгешелік пен ортақтастыруға ықпал ету, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді құру және гендерлік интеграция арқылы іскерлік құндылықтарды дамыту жергілікті компаниялардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес қылады.

Тренингтің 30-ға жуық қатысушылары елдің, бизнестің және жеке көзқарасы тұрғысынан әйелдердің экономикалық өмірге қатысуының маңыздылығы, артықшылықтары мен проблемалары туралы білді. Оқытушылар, сонымен қатар, тыңдаушыларға жұмыс орындарындағы гендерлік теңдікке қатысты негізгі түсініктерді сезінуге мүмкіндік берді. Оған қоса, менеджерлер өз ұйымдарының шеңберінде әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша нақты және өлшенетін нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар жоспарын құра алды.

ТШО бас директоры Имер Боннер де қатысушылар алдында сөз сөйледі:

«Қазақстанның энергетикалық саласындағы жеті жылдық жұмыс барысында мені біздің саладағы әйелдердің кәсіби дамуына деген құрмет пен қолдау таң қалдырды. Энергетика саласы кәсіби өсу мен дамудың керемет мүмкіндіктерін ұсынады, мен Қазақстандағы әйелдерді мансапқа ұмтылуға, көп жұмыс істеуге, сенімді болуға және әйелдер мүдделі болса, жетекші лауазымдарға ұмтылуға шақырамын. Мен осындай тренингтерді өткізгеніме қуаныштымын және мен бүкіл Қазақстан бойынша әйелдердің бизнестегі көшбасшылығын ынталандыру және ілгерілету жөніндегі әрекеттерді қолдаймын».

Бұл шараға Kazenergy қауымдастығының адам капиталын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина да қатысты.

ТШО жергілікті жеткізушілердің мүмкіндіктерін дамыту бойынша жұмысын жалғастыруда және Қазақстанның энергетика саласындағы әйелдерге мүмкіндік беретін бағдарламаларды қолдауға әрдайым дайын.