Теңізшевройлдың 2020 жылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижелері

19 ақпан 2021
Ecology

«Теңізшевройл»  ЖШС-ның (ТШО) басты мақсаты – өзіміз тұрып жатқан және жұмыс істейтін Қазақстан Республикасына, акционерлерге және қауымдастықтарға пайда әкелу. ТШО Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші және жұмыс беруші бола отырып, аймақ пен елдің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосуды жалғастыруда.

ТШО көптеген жылдар бойы «ТШО-ның Сара жолы» құжатында көрсетілген құндылықтарды басшылыққа ала отырып, әлеуметтік бағыттағы жобаларды қаржыландырып келеді. 1993 жылдан бастап ТШО жергілікті қоғамдастықтар мен оның қызметкерлері үшін осындай бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға 2 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.  

 «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында жыл сайын Атырау облысында мектептер, ауруханалар салуға, қоғамдық орындардың инфрақұрылымын жақсартуға және тағы басқа жобаларға 25 миллион АҚШ доллары бөлінеді. Пандемия тудырған қиыншылықтарға қарамастан 2020 жылы бірнеше жоба аяқталды, соның ішінде Атырау қаласындағы тутұғыр ұлттық монументі, Атырау энергетика және құрылыс колледжіне арналған 100 орындық жатақхана және Доссор ауылында 280 орындық балабақша құрылысы, және Құлсарыдағы Құрсай өзенінің жағалауын жақсарту жобалары бар. Қазіргі уақытта Атырау облысында тағы алты әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүріп жатыр.

ТШО-ның Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) қоғамдастық қажеттіліктерін ескеріп, білім беру, экономикалық даму және денсаулық сақтауды қолдайтын бағдарламаларға бағытталады. ӘИБ шеңберінде соңғы он жыл ішінде 9,5 миллион АҚШ долларына 80 жоба жүзеге асырылды. Тек 2020 жылы ТШО, әсіресе осы пандемияның қиын кезеңінде жергілікті халыққа көмек ретінде Атырау облысында 10 әлеуметтік жобаға 1,2 миллион АҚШ долларын жұмсады. Бұл жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан Отбасылық дәрігерлер қауымдастығы, Орта Азияның Еуразия қоры, “Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы” жастар қоғамдық бірлестігі, “Ынтымақ Атырау” ҮЕҰ, Project Hope, Мүгедек әлемі, “Атырау – шағын ел” қоғамдық бірлестігі, “Академик Қабдолов атындағы” қор және  “БолашақК” қоғамдық бірлестігі  ТШО-ның серіктестері болды.

Тағы да айта кететін жәйт, жергілікті атқарушы органдар аталмыш жобаларды жүзеге асыруда үлкен қолдау көрсетті.