«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бүгін өз қызметінің 2020 жылғы нәтижелерін жариялады. Кәсіпорын жыл бойы денсаулықты қорғауға, қызметкерлерінің және өндірістік қызметтің қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударды. ТШО COVID-19 пандемиясына және мұнай нарығындағы күрделі жағдайларға қарамастан, үздіксіз шикізат өндіруді сақтай отырып, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Кәсіпорын 2020 жылы 26,5 миллион тонна шикі мұнай өндірді, бұл Қазақстан Республикасында өндірілген мұнайдың шамамен 35%-ы. Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) жүзеге асыруда елеулі нәтижеге қол жеткізіп, жобаны 80%-ға аяқтады. Аталған нәтиже теңіз тасымалының үш жылдық бағдарламасын қамтиды. Бағдарлама шеңберінде түрлі халықаралық пункттерден Теңізге 408 ауқымды модульді жүк жеткізілді. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның жобалау тобы қалған құрылыс-монтаж жұмыстарын Қазақстан аумағында жалғастырады. .
2000 жылдан бастап ауаға жіберілетін жалпы шығарындыларды өндірілген мұнай тоннасына шаққанда 71%-ға азайтты. Газды алауда жағуды азайтуды және пайдаға асырудағы жоғары көрсеткішті сақтауға баса назар аударуды одан әрі жалғастыруда. 2020 жылы бұл көрсеткіш 99,1%-ды құрады. Сонымен қатар, кәсіпорын 2020 жылы суды қайта пайдалану коэффициентін 49,2 пайызға арттырды. 2000 жылдан бастап Теңіз кен орнындағы өндірістік қызметтерге байланысты, қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 3,1 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы салды.
ТШО 2020 жылдың қорытындысы бойынша даұлттық экономиканың ең ірі салымшысы және салық төлеушісі болып қалды, республика экономикасына құйған тікелей төлемдері 6,6 млрд АҚШ долларынан асты. Сондай-ақ, кәсіпорын 3,5 млрд АҚШ долларын жергілікті қамтушыларға жұмсау арқылы отандық тауарлар мен қызметтердің жетекші сатып алушысы болды, оның 2,4 млрд АҚШ доллары ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде жұмсалды.
Сонымен қатар, ТШО өз қызметкерлерінің техникалық және басқару қабілеттерін дамытуға инвестиция салуды басты назарда ұстайды.
«Теңіз кен орны - бұл Қазақстан Республикасы үшін керемет құндылық, - деді жаңадан тағайындалған ТШО бас директоры Кевин Лайон. - Мен қызметкерлеріміздің кәсіби шеберлігі мен қабілеттерін өз көзіммен көрдім. Біз пандемия жағдайында басты назарды қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға аудара отырып, , қауіпсіз, әрі сенімді өндірісті қамтамасыз етеміз, және де барлық мүдделі тараптар игілігі үшін ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны аяқтау бағытындағы жұмысымызды жалғастыратын боламыз».
ТШО өзі жұмыс істейтін қоғамдастыққа және қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға инвестиция салуды жалғастыруда. 2020 жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасына 25 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп, Доссор кентіндегі280 орындық балабақшаның, Атырау энергетика және құрылыс колледжі студенттеріне арналған 100 орындық жатақхананың, Атырау қаласындағы эркерлік тутұғыр монументінің құрылыстарын және Құлсарыдағы Құрсай өзенінің жағалауын абаттандыруды аяқтады. Нәтижесінде педагогикалық, медициналық және техникалық қызметкерлер үшін 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұған қоса, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде Атырау және Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтау мен білім беру сапасын жақсартуға, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 18 жобаға 2,2 миллионнан астам АҚШ долларын жұмсады.
Пандемия кезінде аймақтағы ПТР сынамасы қуатын арттыра отырып, қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға және медициналық мекемелердің құрылысын қаржыландыруға 10,7 млн АҚШ долларын (4,5 млрд АҚШтеңге) бөлді. Кәсіпорын өзінің мердігер ұйымдарының көмегімен Құлсары қаласындағы 200 орындық көпсалалы медициналық кешен құрылысын қаржыландыруда.