Суды қайта пайдалану кезінде ағынды сулар ресурсқа айналады

14 маусым 2021
Ecology

Қайта өңдеу сиқыры: Теңізшевройл ағынды суды ресурсқа қалай айналдырады

Қазақстан - Еуразия құрлығының жүрегі әрі күре тамыры десе болады. Бұл ұтымды дипломатиялық және сауда позициясын қалыптастыра отырып, алайда кемшіліктер тұғызады.

Мысалы, Қазақстандағы су ресурстарының барлығы трансшекаралық болғандықтан, өз су ресурстары жоқ.

Сондықтан елдегі су көздері біркелкі орналаспаған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы – «Су көшбасшысы» болса, ал Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары Қазақстан бойынша суға тапшы өңірлер болып саналады.

ҚР қоршаған орта министрлігінің деректері бойынша, бүгінгі таңда Қазақстан халқының 6 299 299 адамды құрайтын үштен бірінен астамы, күнделікті тұрмыста құдықтар мен резервуарлардан алынған суды пайдаланады. 2050 жылға қарай Қазақстанның басым бөлігі су жетіспеушілігін аса сезгенде, бұл мәселе шиеленісе түсуі мүмкін. 

Теңізшевройл (ТШО) суды қайта өңдеудің маңыздылығын түсінеді. 2013-2016 жылдар аралығында суды тазарту қондырғылары орнатылды. Сол қондырғылар мен жаңа технологиялар Қазақстанға маңызды ресурстарының бірі – судың азаюы қаупінің алдын алуға болады деген үміт берді.

Оның ерекшелігі неде? 

Осы сауалға қатысты ТШО-ның бірнеше стратегиясы бар. Олардың бірі - тұщы суды үнемдеу. Бұған кәріз тазарту қондырғылары (КТҚ) және суды қайта пайдалану қондырғылары (СҚП) сияқты технологиялық шешімдердің арқасында ағынды суларды тазарту арқылы қол жеткізіледі.

Осыны толығырақ атап өтуге болады ма?

Әрине, атап өтеміз. Теңіздің барлық аймақтарынан жиналатын және КТҚ-да тазартудың үш кезеңінен өтетін ағынды сулармен не болмақ: алдын ала тазалау, биологиялық тазалау және соңына дейін тазалау процестері.

Үш негізгі кезең бар: алдын-ала тазарту, биологиялық тазарту және қосымша тазарту.

Алдын ала тазарту секторында суды механикалық тазартудан өткізеді.. Бұл ретте құмның, сондай-ақ табиғи және туынды майлардың ірі және ұсақ бөлшектері сүзіледі.

Биологиялық тазарту - биореакторлардағы су биологиялық ластанудан, оның ішінде микроорганизмдер, азот және құрамында фосфор бар заттардан тазартылатын маңызды кезеңі.

Қосымша тазарту – суды дезинфекциялап әрі зарарсыздандырып оның сапасын қазақстандық заңнаманың нормалары мен талаптарына жеткізеді.

Осымен суды тазарту процесі аяқталады. КТҚ қондырғысынан шыққан   ағынды сулар тазартылған және зарарсыздандырылған су болып есептеледі, олардың сапасы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келеді.

СҚП қондырғысында кері осмос арқылы қайтара өңдеу жүзеге асырылып, ТШО-ның өнеркәсібі мен өндірістік қажеттіліктеріне қажет техникалық су алынады.

Кері осмос - суды арнайы мембраналар арқылы жоғары қысыммен айдайтын процесс. Осылайша су барлық қоспалардан тазартылады. Мұндай су дистилденген немесе «тірі емес» болғандықтан, ол - тұтынуға жарамсыз, бірақ ірі өндіріс үшін өте қажет.

Осы қондырғылар мен жоғарыда аталған процестердің арқасында ТШО жылына 2 млн текше метр шаруашылық-тұрмыстық суды тазартуды қамтамасыз ете алды. Ал техникалық су көлемі 1.1 млн текше метрге өсті.

 

Осының барлығы не үшін қажет?

ТШО өз алдына экономикалық тиімді шешім жасау міндетін қоймаған. Негізгі ынталандыру ККЖ жаңа зауытының құрылысына байланысты қызметкерлер санының өсуіне және өндірістік қуаттылықтың артуына қарамастан Магистральдық су құбырынан тұтынылатын су көлемін ұлғайтпау болды. Сондықтан, ТШО КТҚ және СҚП қондырғыларын салуға үлкен қаражат жұмсаған.

ТШО алдында тұрған тағы бір міндет - су үнемді түрде пайдалану мәдениетін енгізу. Бұл идеяларды тек ТШО ғана емес, серіктестері де ұстанады.

Су – шектеулі ресурс. Бәріміз бірлесе отырып, судың әр тамшысын орынды пайдалануға бар күшімізді салуымыз тиіс.