«Теңізшевройл» кәсіпорны осымен оныныншы рет жергілікті ақпарат құралдарымен және Қазақстан Журналистер Одағы облыстық ұйымымен бірлесе отырып, Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің еңбегіне шығармашылық конкурс өткізіп отыр. Облыстық қалам иелерінің жұмыстары 9 номинация бойынша бағаланды. Бұл жолы конкурсқа 23 жеке журналистен ғана материал түсті. Оның 11-і басылым түріндегі БАҚ-нан, 8-і тележурналист, 1-і фототілші және 3-і телеоператор. Конкурстың қазыларалқасы облысымыздың тәжірибелі де, білікті журналистерінен тұрды. Олар апта бойы конкурс материалдарын жан-жақты қарап, саралап шықты.
«Қазақстан мұнайы - ел экономикасына» тақырыбындағы конкурс өткен жылдың қыркүйек айында қорытындылануы тиіс еді. Амал не, әлемді жайлаған пандемия жоспарлы шараның кейін жылжуына, яғни бүгінгі күнге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтуіне әкеп тіреді.
«Біз елдің экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің зор екендігін жақсы білеміз. Қай кезеңде де елді қоғам тынысынан хабардар етіп, шынайы да нақты ақпараттарды жедел жеткізіп, кез келген оқиғаға салиқалы да салмақты талдау жасап, сараптама жасайтын журналистердің еңбегі ерекше. Олардың өңіріміздегі мұнай-газ саласының дамуына да өз үлестерін қосып, жағымды жаңалықтарды жария қылудағы еңбектері өлшеусіз. Әсіресе, әлемді шарпыған індет алқымнан алған тұста вирус ошағынан тікелей хабар, репортаж таратып, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болғандарыңызды кім жоққа шығарады. Баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!»- деді «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері,қазыларалқасының төрағасы Рзабек Артығалиев.
Жеңімпаздар тізімі:
«Үздік телеоператор» номинациясы бойынша:
«Үздік фототілші» номинациясы бойынша:
1-орын. Ануар Әбілғазиев, «Прикаспийская Коммуна» газеті
«Жас қалам» номинациясы бойынша:
«Мемлекеттік немесе /не орыс тіліндегі үздік телерепортаж» номинациясы бойынша:
«Басылым түріндегі орыс тілді БАҚ-та жарияланған үздік мақала» номинациясы бойынша:
«Басылым түріндегі мемлекеттік тілдегі БАҚ-та жарияланған үздік мақала» номинациясы бойынша:
«Республикалық БАҚ-тың үздік меншікті тілшісі» номинациясы бойынша:
«Облыстағы таңдаулы БАҚ» номинациясы бойынша:
«Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы
«Бас Жүлде» номинациясы бойынша:
Любовь Монастырская, «Прикаспийская Коммуна» газеті
«Қазылар алқасының көзайымы»:
Ынталандыру сыйлықтары: