Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні құтты болсын!

05 қыркүйек 2021
Ecology

Құрметті мұнайшылар!

Сіздерді «Теңізшевройл» ЖШС ұжымы атынан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бұл күн өз өмірін Қазақстан өнеркәсібінің ең маңызды салаларының біріне арнаған жандар үшін ерекше күн. Бұл күні біз ғасырдан астам тарихы бар Қазақстан мұнай өнеркәсібінің, алып Теңіз кенішінің бастауында болған сала ардагерлерінің мұнай өнеркәсібі базасын қалыптастыруға, ел экономикасынажетілдіруге сіңірген жанкешті еңбектеріне басымызды иеміз. 

Бүгінде мұнай-газ кешені мемлекет экономикасының негізі,  Қазақстанды әлемге танытар басты салалардың біріне айналса, ол жылдар бойы үзілмеген ұрпақ сабақтастығының жемісі. Республика экономикасының локомотивіне айналған біздің кәсіпорын бұл күнді ерекше табыспен қарсы алып отыр.  Осы  жылдың   бірінші жарты жылдығында 735 мың тоннадан астам сұйытылған газ, 3,8 миллиард текше метр құрғақ газ, сондай-ақ 1,3 миллион тоннадан астам күкірт өткізді. Ал, Қазақстан экономикасына  түсірген  тікелей қаржы көлемі 3,9 миллиард АҚШ долларын құрады. Кәсіпорын құрылған кезден бастап, 2021 жылдың екінші жартысына дейінгі аралықты алсақ, бұл көрсеткіш   156 миллиард   АҚШ долларынан асады.  Осынау толағай санның астарында кәсіби шеберлікпен келген бүгінгі буынның қажырлы еңбегі жатыр.

Қазақстан мұнай өнеркәсібінің тарихында аттары алтын әріппен жазылған ардагерлерімізге, олардың ұрпақтарына, кәсіби мұнайшыларға, сервистік компания қызметкерлеріне кәсіби мереке құтты болсын дейміз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасы бақыты мен жемісті еңбек тілейміз.   

Кевин Лайон                            «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры 

Айбек Қрамбаев                     «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары