Қалибек Мұханов: «Біз қабылдайтын шешімдер Қазақстан болашағына әсер етеді»

07 қыркүйек 2021
Ecology

Қалибек Мұханов шетелдегі ірі мұнай компаниясында жұмыс істеу мүмкіндігі болса да, Қазақстанда қалып, еліміздегі мұнай-газ саласындағы көшбасшылардың бірі – «Теңізшевройл» ЖШС ұжымымен бірге дамуды жөн көрді. Ол қаржы бөлімінің қатардағы қызметкерінен cтратегиялық жоспарлау бөлімінің бас менеджеріне дейінгі жолдан өтті және де биікке қол жеткізу үшін тынбай жұмыс істеп, үнемі үйреніп, кәсіби тұрғыдан жаңа мүмкіндіктерге дайын болу керектігіне сенді.

Қалибек, сіз стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас менеджерісіз. Нақты немен айналысасыз?

ТШО-да атқарылатын барлық жұмыстар әртүрлі бөлімдергебөлінген. Мәселен, біздің бөлім компания стратегиясын жасақтауға, бизнес-жоспарларды дайындауға және үйлестіруге жауапты. Сәйкесінше, барлық есеп-қисап пен негізгі көрсеткіштер біздің бөлім арқылы өтеді. Біздің тағы бір функциямыз – бас директорға қолдау көрсету, оны барлық есептерге, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және акционерлермен кездесулерге дайындау. Яғни, біз басшылықтың дер кезінде толық ақпаратпен хабардар болып, дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасау үшін компания жұмысын үйлестіріп отырамыз. Сондай-ақ, біздің бөлім бәсекеге қабілетті көрсеткіштерге қол жеткізу және бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі стратегияларды енгізу жұмыстарын үйлестірумен айналысады. 

Сіз неге ТШО-ны таңдадыңыз?

Менің таңдауым алдын ала анықталып қойған десе де болады – мен Теңіз кенішінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан шағын ғана Сарықамыс ауылында дүниеге келдім. Ауыл кейіннен өндіріс орнынан алшақ жерге көшірілді. Ауыл тұрғындарының көпшілігі Теңізде жұмыс істейтін. Атырау мемлекеттік университетін тамамдағаннан кейін, еңбек жолымды «Теңізшевройл» компаниясында бастадым. Ол кезде 21 жаста едім. Ағылшын тілінде жақсы сөйлей алмаймын, шетелдік білімім де жоқ. Яғни, көптеген әріптестерім сияқты маған үнемі өз-өзімді жетілдіріп, біліктілігімді арттыруға тура келді. Айта кету керек, ТШО-да бұл үшін барлық мүмкіндік бар: тұрақты оқыту, жаңа тағайындаулар мен тағылымдамалар. Осының бәрі өзімді кәсіби тұрғыдан дамытып, мансап жолында біраз жетістіктерге жетуімесептігін тигізді. Менің мысалымнан әр адамның табысқа жету мүмкіндігін көруге болады. Еңбек, жанқиярлық,білімің мен күшіңді күнделікті шыңдау – Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші компанияның басшылық құрамында болуға мүмкіндік береді. Және де бұл миссия жауапкершілікпен келеді. ТШО-да жетістікке жету – бір басқа, сондайжауапкершілікті одан әрі арқалап, басқа да талантты қазақстандықтарға мүмкіндік беру – бір басқа.

Әйтсе де Атырауда басқа да компаниялар көп қой…

ТШО-да корпоративтік мәдениет, яғни қызметкерлерді қолдау және олардың біліктілігін арттыру жақсы дамыған. Ұжымдық жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Тағы бір айта кететін жайт, ТШО – Қазақстандағы аса ірі жүйе құрушы компания. Осы ретте, біз атқаратын жұмыс өте маңызды. Біз қабылдайтын шешімдер түптеп келгенде Қазақстан экономикасы мен ел болашағына әсер етеді.Өйткені, комания ең ірі салық төлеуші болып табылады. Сондықтан да, біз тиімді жұмыс істеуге тиіспіз, өйткені біздің еңбегіміз өз кезегінде салық, жалақы, және Атырау облысы мен Қазақстан тұрғындарының әл-ауқатына қосылар үлес. Менің естуімше, ТШО-дағы жаңа бір жұмыс орны сабақтас салаларда 40-қа жуық жұмыс орнының ашылуына жағдай жасайды.

Шетелдік және қазақстандық қызметкерлер арасындағы еңбек жағдайының айырмашылығы туралы жиі айтылады. Шынында да еңбек жағдайында айырмашылық бар ма? 

Түсінесіз бе, 2000 жылы компанияға қабылданған кезімде барлық жерде жұмыс тапшы. Теңіздегі қаржы бөліміне талдаушы болып жұмысқа қабылдандым, вахталық әдіспен жұмыс істедім, шыны керек, өзімді басқа әлемге тап болғандай әсерде болдым. Сол кезден есімде қалғаны– шетелдіктердің көптігі: тәжірибесі, бірегей дағдылары мен мәселелерді шешу жолдары, әлемнің түкпір-түкпірінен келген басшылар. Ал, қазір «біз де солай жасай аламыз, өзіміз бәрін білеміз» деген көзқарасты байқаймын. Ол кезде бізде білім мен тәжірибе жеткіліксіз болды. Біз жұмыста жүріп оқып, шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдадық. Шетелдіктер де біздің тәжірибелі мамандардан көп нәрсе үйренді. Ол кезде Қазақстанға шетелдік мамандар өте қажет болды. Ал қазір. Мұнай өнеркәсібі – жаһандық сала және Теңіз сияқты бірегей нысан жұмысы үшін әлемдік деңгейдегі жоғары білікті мамандар қажет. Ондай мамандарды жалдау және ұстап қалу үшін ТШО қазақстандық және халықаралық еңбек нарығы үшін бәсекеге қабілетті жалақыны ұсынады.  

Біз отандық қызметкерлердің дамып, шетелдік мамандарды алмастырғанын қалаймыз, осы ретте,мәдени әртүрлілік көптеген мүмкіндіктер ұсынады: әртүрлі мәдениет өкілдері бір-бірінен қиындықтарды еңсеру, мәселелерді шешу және процестерді оңтайландыру әдістерін үйренеді. Міне, осындай ерекшеліктер біріккен кезде, біз одан әрі күшейе түсеміз. Біздің қызметкерлер үшін де «Шеврон» корпорациясының даму бағдарламалары бойынша Америкаға, Австралияға және Еуропаға барып жұмыс істеу мүмкіндіктері бар. Кейін олар елге оралып, алған білімі мен тәжірибесін туған жерінде пайдаланады. 

Компания сізді тағылымдамаға жіберді ме?

Иә, мен екі жыл АҚШ-тың Сан-Рамон қаласында болдым. Ол қаржы жәнебизнес-жоспарлау саласындағы басшыларды оқыту бағдарламасы болатын. Айта кетерлігі, аталмыш бағдарлама кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар көшбасшының жеке дағдыларын да дамытуға бағытталды. Осы бағдарламадан кейін басшылық лауазымында биіктіктерге жетуге болатынын одан да бетер түсіне бастадым. Мен ТШО-ға, маркетинг және тасымалдау бөліміне қайтып келдім., көптеген өзгерістер орын алып жатты.Біз жаңа терминалдарды іске қостық, теміржол операторларымен келіссөздер жүргіздік, күкіртке арналған теміржол цистерналарын шығару туралы келісімге келдік, тіпті түйіршікті күкірт өндіретін зауыт салу туралы келісімшартқа қол қойдық, айтпақшы, ол ағымдағы жылдың сәуір айында толық қазақстандық өндіріс орны ретінде жұмыс істей бастады. Осы үш жылда мен өзімді кәсіби маман және көшбасшы ретінде сынап көрдім, өз мүмкіндіктерімнің шегін анықтадым, ең бастысы,   мансаптық жолымның басындағы мақсаттарыма әрқашан да адал болдым.

Егер сіздің табиғатыңыз алға жылжуды талап етсе, компанияда неге қалып отырсыз? Стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас менеджерісіз. Одан әрі қайда ?  

Менің түсінігімде, «мансап» дегеніміз — спринт емес, ол — марафон, сол себепті ұзақ мерзімді келешекке жоспар құру қажет. Қарапайым маман ретінде жұмыс бастаған кезде де мен жаңа мүмкіндіктерге ашық едім. Бірде маған ақпараттық жүйелермен жұмыс жасауды ұсынды, мен оған дайын болмасам да, өзімді сынап көруді жөн көрдім. Бұл маған жаңа нәрсені үйренуге көмектесті. Кәсіпорында ақпараттық жүйелерді кеңінен енгізу басталған кезде, ондағы алған білімім пайдаға асты. Сол кезде бас тартсам, бұны басқа біреу меңгерер еді. Айтайын дегенім, үйренуге және тәжірибе жинауға әрқашан да мүмкіндік беріледі. Менің жеке түсінігімде егер адамның мүмкіндігі, тәжірибесі мен білімі болса, ол оларды осында, яғни Қазақстанда да қолдана алады. Бізде әлемдік деңгейдегі жалақыны ұсына алатын көптеген шетелдік компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар жеткілікті.  Мен бұны неге айтып отырмын? Өйткені көптеген адамдардың арманы – шетелге кету.Мен де шетелде біраз уақыт тұрып көрдім. Маған сеніңіз, онда бәсекелестік өте жоғары, ол жерде де сізге үнемі дамып, қолыңыздан іс келетінін дәлелдеуге тура келеді. Алда қандай мүмкіндіктер күтіп тұрғанын көреміз, бірақ әзірге айта алатыным – мен әлі жол ортасындамын.

Шетелдіктер мәселесіне қайта оралсақ. ТШО-да солар «үстемдік етеді» деген стереотип бар ғой.

Иә, бұл  кең тараған стереотип (күліп алды), қараңыз,компаниядағы жоғары буындағы басшылардыңалтауы қазақстандықтар. Менің ойымша, бізге «Келешек кеңею жобасы-Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы» (ККЖ-ҰЕҚБЖ) сияқты жобаларды жүзеге асырған, ірі жобаларды жоспарға сәйкес алға жылжыту үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі бар жоба менеджерлері мен техникалық мамандар қажет. Сонымен қатар, қазақстандықтардың жоғары лауазымдарға жетуіне, тәжірибе жинақтауына, әлемнің әртүрлі елдерінде оқуына ешқандай кедергі жоқ, «Шеврон» корпорациясының бағдарламалары осындай мүмкіндіктер ұсынады. Маркетинг бөлімінде жұмыс істеген кезде, мен логистика, тасымалдау және ТМД елдерінің темір жол әкімшіліктерімен байланыс орнатумен айналыстым. Ал,бұл жұмысты, менің ойымша, шетелдік маман қазақстандық қызметкер сияқты тиімді атқара алмаушы еді.

Алдағы жылдары компанияны қандай қызықтар күтуде? ТШО қызметі  қазақстандықтарға не береді?

Біз қазіргі уақытта ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асырудамыз, бұл әлемдік мұнай-газ өнеркәсібіндегі ең ірі күрделі жобалардың бірі, ол Теңіз кенішіндегі өндірісті жылына қосымша 12 миллион тоннаға арттырады. Сәйкесінше, бұл Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер  ұсынса , ал қызметкерлер үшін бұл – тұрақтылық пен даму, Қазақстан мен шетелде тәжірибе жинау мүмкіндігі. IHS Markit* зерттеулерге сәйкес 2010-2019 жылдар аралығында біздің қызметіміз 48 млрд АҚШ долларынан астам қаржыға жергілікті сатып алуды ынталандырды, сондай-ақ 140 000-ден астам жұмыс орнын құрды. Егер дамуды одан әрі жалғастырсақ, бұл еліміздің және аймағымыздың одан әрі дамуына септігін тигізеді.
IHS Markit* - бүкіл әлемде экономиканың дамуына жағдай жасайтын өнеркәсіп пен нарықтардың негізгі салалары үшін сыни ақпарат, талдау және шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы.