ТШО пандемия қиындықтарына қарамастан, күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады

27 қыркүйек 2021
Ecology

2021 жыл 27 қыркүйек, АТЫРАУ қ., - «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) COVID-19 салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, өзінің Теңіздегі нысандарының біріндегі күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарланған мерзімнен төрт күн бұрын аяқтап, өндірісті   қауіпсіз түрде қайта жаңғыртты. 

2021 жылдың 1 тамызында басталған күрделі жөндеу жабдықтардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қолдауға бағытталды.  Биылғы  профилактикалық жұмыстар Теңіз кенішіндегі шикі газ айдау (ШГА) және екінші буын зауыты (ЕБЖ) нысандарын қамтыды.

«ТШО мен мердігер ұйымдар арасындағы тығыз серіктестік күрделі жөндеу жұмыстарының қауіпсіз орындалуына ықпал етті. Біз, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының    мемлекеттік органдары тарапынан көрсетілген қолдауды бағалаймыз»,- деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.- Маған   қызметкерлеріміздің күрделі жөндеу шеңберінде 1,4 миллион адам-сағатты  қауіпсіз  атқарудағы  ерекше дағдылары қатты әсер етті».  

COVID-19 пандемиясы жағдайында күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруды техникалық және санитарлық мамандардан жұмысты қауіпсіз орындап, қызметкерлерді қорғау үшін ауқымды жоспарлау жұмыстарын жүргізуді талап етті. ТШО пандемия басталысымен кең ауқымды вакцинация бағдарламасын, капсульдық (қызметкерлерді тұрғын жайларда, көлікте және жұмыс орындарында бөлек жайғастыру) бөлу, ПТР- сынамасы мен оқшаулауды  қамтитын бірқатар   қорғаныс шараларын  енгізді. 

«Теңізшевройл» ЖШС туралы

«Теңізшевройл» ЖШС-і шикімұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысады.  ТШО Қазақстанның тұрақты дамуын  қамтамасыз ете отырып, жаңа технологияларды қолданады және жұмыстардың барлығын қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.