«Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС-нің бас директоры Кевин Лайон Нұр-Сұлтан қаласында «Digital Bridge» форумы шеңберінде өткен цифрландыру жобаларының көрмесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты компанияның цифрандыру саласындағы жетістіктермен таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев ТШО-ның жақсы жұмысы үшін алғысын білдірді.
ТШО-ның цифрлық трасформациясы міндеттерді мүмкіндіккее айналдыру және Қазақстан Республикасы мен серіктестер алдындағы өз міндеттерін одан әрі қарай орындау жолындағы өзгерістерге бейімделуге бағытталған. Сонымен қатар, ол әр өндіріс тізбегінің құндылығын көтеруге және өндірістің үздіксіз артуына мүмкіндік беретін цифрлық мәдениетті құрудыкөздейді.Сондай жарқын мысалдардың бірі-өндірістік нысандарды күрделі жөндеуді цифрлық тұрғыдан қолдау болды. Жедел деректер негізінде шешімдерді уақтылы қабылдау және жұмыс барысын қадағалау үшін мобилді планшеттерді пайдалануды қамтамасыз ететін LTE стандартының жеке желі сервисы орнатылды. Сондай-ақ нысандардың 3D-модельдері жасалды, бұл жөндеу жұмыстарын жоспарлауды жоғары дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік берді. Digital Onboarding қосымшасын енгізу арқылы ТШО нысандарына кіруге рұқсат беру процесінің тиімділігін артты, яғни Теңіз нысандарының біріндегі күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін маңызды саналатын 6 000-нан астам қызметкерге рұқсатнама беру уақыты қысқартылды.Пандемия кезінде бірнеше цифрлық шешімдер қабылданды, шешімдер елдің ең ірі салық төлеушісі -ТШО-ға коронавирустың таралуына қарсы тиімді күресуге, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігі мен өндірістің тоқтаусыз қызметін қамтамасыз етуге көмектесті.
ТШО бас директоры Кевин Лайон ел Президентінің алдында сөйлеген сөзінде: «Біздің таңдаулы цифрлық құралдарымыздың барлығы цифрлық жұмыс күшінің арқасында табысты болды. ТШО цифрландыру саласында біздің ұлттық қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру үшін серіктестік қатынасты дамытуға көп көңіл бөледі», деп атап өтті.
ТШО екінші жыл қатарынан ұлттық көшбасшыларымызды болашақ цифрлық инновацияларға дайындау үшін Digital Scholar бағдарламасына инвестиция салуда. Кәсіпорын Массачусетс технологиялық институтымен бірлесіп, қазақстандық қызметкерлер үшін инженерия, басқару және цифрлық технологиялар саласындағы біржылдық магистратура бағдарламасын әзірледі. Компания осы бағдарлама бойынша оқытып, даярлаған қызметкерлерінің цифрландыруды жеделдетіп, интеграциялауға көмектесетініне сенімді.
Кәсіпорынның цифрландыру жөніндегі көзбасшысы Бауыржан Қасенов : « Цифрлық трансформацияның табысты болуының басты ерекшелігі – бұл басшылықтың сенімді қолдауымен компанияның барлық қызметкерлерінің белсенді қатысуы» деді. Сонымен қатар, ТШО-ның ақпараттық технологиялар бөлімі Atyrau Hub-пен бірге бүкіл Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын студенттер арасындағы Хакатондарды ұйымдастырумен айналысады.
Айта кету керек, 29 қазанда Digital Bridge халықаралық форумы шеңберінде ТШО-ның цифрландыру және қазақстандық қамтуды дамыту департаменттерінің қызметкерлері «Теңізшевройлдың (ТШО) цифрлық трансформациясы» атты ашық сессия өткізеді, онда олар ТШО-да цифрландыруды жүзеге асыруға қандай операциялық моделдер көмектесетіні туралы әңгімелейнді.
ТШО-ға техникалық (техникалық жетекші, .NET әзірлеушілері, DevOps инженерлері, QA сынаушылары) және де техникалық емес рөлдерді (өзгерістерді басқару жөніндегі мамандар, бизнес-талдаушылар (Business Analyst, Proxy Product Owners)) орындауға қабілетті қазақстандық мамандар, сондай-ақ Low Code әзірлеушілер (PowerApps, PowerBI) керек. ТШО осы бағытта дағдылары бар қазақстандық компаниялар мен мамандарды кәсіпорынның ресми сайты арқылы ынтымақтастыққа ниет білдіруге шақырады.