2021 жылдың 4 қарашасы, АТЫРАУ – «Теңізшевройл» ЖШС-ның (ТШО) Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) тағы бір маңызды межеге – жаңа өлшеу қондырғысынан қауіпсіз түрде ерте мұнай өндіруге қол жеткізді.
Жаңа өлшеу қондырғысы ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберіндегі мұнай дайындау жүйесінің бөлігі болып табылатын тиісті ұңғыма топтарымен байланысқан төрт қондырғының үшіншісі. Пайдалануға берілген 3 өлшеу қондырғысының бәрі де қазірдің өзінде тәулігіне қосымша 13 000 тоннадан немесе 100 000 баррельден астам мұнай өндіруде, бұл қолданыстағы өндірістік нысандардың қуаттылығын қолдауға, сондай-ақ мұнай қайтарымын қалпына келтіруге бағытталған.
«Үшінші өлшеу қондырғысынан алғашқы мұнай алу ККЖ/ҰЕҚБЖ тобының зор жетістігі. ТШО жаһандық пандемия салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, ККЖ/ҰЕҚБЖ жобасын сәтті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы (ҚР) Үкіметімен тығыз серіктестіктегі жұмысын жалғастыруда, - деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.-Пайдалануға берілген өлшеу қондырғылары ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының толық жүзеге аспағанына қарамастан, ТШО үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де, қосымша құндылықтар әкелуді бастады».
Өлшеу қондырғысын іске қосу қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ жобалау, құрылыс жұмыстарына және жаңа нысанға қызмет көрсетуге бірқатар қазақстандық компанияларды тартуға мүмкіндік берді.
ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз мұнай кенішін ұлғайтудың келесі бір маңызды кезеңі болып табылады, ол шикі мұнай өндіруді жылына шамамен 12 миллион тоннаға (тәулігіне 260 000 баррельге) ұлғайтады немесе мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаға(тәулігіне 850 000 баррель) жетеді. Қазіргі уақытта жобаның жалпы көлемі 86%-ға аяқталғандығын ескерсек, жоба жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін бағындыруды жалғастыруда.
ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның жүзеге асуы Қазақстанға біліктілігі жоғары жергілікті жұмыс күшіy, халықаралық компаниялармен серіктестік арқылы енген технологияларды,өңірдегі жаңартылған инфрақұрылымды мұра ретінде қалдырады,бүгінде ТШО елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосуды жалғастыруда. ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ басталғаннан бері қазақстандық тауарлар мен қызметтерге 12,6 миллиард доллардан астам инвестиция салды.
«Теңізшевройл» ЖШС туралы
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.