ТШО-да басшы-әйелдер саны 21 пайызға жетті

09 қараша 2021
Ecology

Нұрcұлтан қаласында «KAZENERGY» апталығы кезінде өткен әйелдер энергетикалық клубының V форумы шеңберінде қатысушылар аталмыш саладағы гендерлік теңгерім мәселесін көтерді. Бүгінгі таңда ТШО қызметкерлерінің төрттен бір бөлігі – әйелдер. Атап өтерлігі, соңғы 10 жылда жоғары буындағы басшы әйелдердің саны 2011 жылғы 14%-дан 2021 жылы 21% -ға дейін өсті. Оның үшеуі бірден ТШО-ның бас менеджері болды. Қосымша айта кететін жәйт, олардың екеуі, ТШО Қаржы департаментінің бас менеджері Зәмзәгүл Бекова және ТШО АРБ бас менеджері Камшат Байжанова, Әйелдер энергетикалық клубының V форумына қатысып, ТШО-ның жетістіктері туралы баяндамалар жасаған болатын.

Әртүрлілік пен қызығушылықты құрметтеу ТШО-ның басты құндылығы болып табылады. Әрбір қызметкер түрлі тәжірибе, этникалық, жыныс, жас, білім және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, діни және саяси сенімдер мен жеке қасиеттер арқылы компанияның жетістіктеріне айтарлықтай үлес қосады.

ТШО-дағылар мұнай-газ саласындағы қызметкерлердің дені тарихи тұрғыдан алғанда ер адамдар екендігіне қарамастан,«сәтті көшбасшылық» деген ұғым белгілі бір гендерлік белгіні білдірмейді, керісінше адамның кәсіби біліктілігіне, қажетті дағдыларына, техникалық құзыреттері мен көшбасшылық қабілеттеріне қатысты екеніне сенімді. Сондықтан ТШО-да қандай да бір айырмашылықтарға қарамастан, кадрлық әлеуетті жан-жақты дамытуға көңіл бөлінеді.

Әрбір қызметкер өзінің дарыны мен кәсіби қызығушылығына сәйкес өз дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады. Компаниядағы 10 бөлімнің алтауында әйелдердің саны 50%-дан асады. Әйелдер саны бойынша рекорд иесі - стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімі болып табылады – барлығы 86%. Атап өтерлігі, ұқсас позицияларды иеленген әйелдер мен ер адамдар бірдей жалақыға ие, ал мансаптық мүмкіндіктер барлығына бірдей ашық.

 

Компанияда балалы қызметкерлер үшін қосымша жағдайлар қарастырылған: балабақшаға жолдама, балалар демалысын ұйымдастыру, балаларға жоғары білім алуға көмектесу - бұл әлеуметтік пакеттен де жоғары. Егер аналарға тұрмыстағы түйіткілдерді шешуге көмектессе, олар әртүрлі аспектілерде дами бастайды, демек, көшбасшы әйелдердің саны артады, бұл компания мен қоғам тарапынан қолдаудың нәтижесі.

Әйелдер энергетикалық клубының форумы шеңберінде адами ресурстары басқармасының бас менеджері Кәмшат Байжанова атап өткендей:«Көшбасшылық» анықтамасы соңғы бірнеше жылда өзгерді. Бұрын біз көшбасшылықты қол жеткен мақсаттар мен міндеттер,тиімді шешілген мәселелер ретінде қабылдайтынбыз. Қазіргі уақытта көшбасшылық басқа мәнге ие яғни шабыттандыру, дұрыс әдістермен әрекет ету, үлгі болу. Жұмыс орындарында әйелдер мен ерлер бір-бірін толықтырып отырады, және осындай бірегей көзқарас пен тәсілдердің теңгерімі компаниямыздың қазір және болашақта табысқа жетуіне ықпал етеді».