2021 жылдың 25 қарашасында «Орта Азияның Еуразия Қоры» корпоративтік қоры (әрі қарай - ОАЕҚ) «Күрделі тақырып туралы қара сөзбен айтқанда» атты әлеуметтік жобаларды бақылау мен бағалау бойынша практикалық нұсқаулықты күллі Қазақстандағы Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) үшін Азаматтық Альянстың 18 ресурстық орталығына тапсырды. Нұсқаулық ҮЕҰ-дар Мектебінің Бағдарламасы шеңберінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің (әрі қарай – ТШО) қаржылық қолдауымен жарық көрді.
Алматыда әлеуметтік жобаларды бақылау және бағалауға арналған «Күрделі тақырып туралы қара сөзбен айтқанда» атты практикалық нұсқаулықты (бұдан әрі - нұсқаулық) таныстыру рәсімі өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің деректері бойынша, мемлекеттің ҮЕҰ секторын қаржыландыру көлемі демеушілердің гранттарын есептемегенде, 2021 жылы 1681 жоба үшін 16 млрд. теңгені құрады. Әйтсе де, ҮЕҰ-да осы уақытқа дейін өз жобаларының тиімділігін бақылау және бағалауға мүмкіндік беретін нақты құралдар болған жоқ.Осы ретте, азаматтық сектор қызметінің негізгі бағыттары халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаумен, құқықтарды қорғау және жастармен байланысты екендігін атап өту керек.
Әлеуметтік жобалар санының 10 есеге өскендігін және олардың қоғам үшін маңыздылығынескере отырып, «Теңізшевройл» ЖШС Орталық Азияның Еуразия Қорымен бірлесіп, 2021 жылы осы нұсқаулықтыәзірлеп, жарыққа шығарды.
Сарапшылар жобалардың нәтижелілігін өз бетінше қадағалауға және бағалауға мүмкіндік беретін пайдалы құралдармен бөліседі, ал бұл, өз кезегінде, жобалардың мәселелерді шешу барысында халық үшін неғұрлым тиімді және пайдалы болатындығын білдіреді.
Коммерциялық емес ұйымдар үшін нұсқаулықта жобаларды оның барлық кезеңдерінде бағалау әдістері қарапайым тілде түсіндіріледі. Қоғамдық ұйымдар өкілдері нұсқаулықты жұмыста қолдана отырып, демеушілерге жобаның нәтижелері туралы түсінікті түрде есеп беріп, қаржы тартуға мүмкіндік алады, демек, нұсқаулық адамдарға қажет жобаларды көбірек жасауға көмектеседі. Кездесуде сарапшылар сұрақтарға жауап берді.
ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев өз пікірімен бөлісті:«Әлеуметтік жобаларды жүзегеасырудың арқасында біз 10 жыл бойы қоғамдағы оң өзгерістерді байқап келеміз. Біз «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын өзгертуге араласуының артқандығынкөрудеміз, біздің тәжірибеміз бен біліміміз 2022 жылы күшіне енуі тиіс әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң жобасын әзірлеуге септігін тигізді. Кез келген жобаның тиімділігін бақылау мен бағалаудың қарапайым әрі түсінікті алгоритмі: біріншіден, халық үшін белсенділіктің қаншалықты пайдалы болғанын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, сан жағынан артыпкеле жатқан ҮЕҰ-дар арасындағы бәсекелестікті арттырып, олардың әлсіз жақтарын дамытуға ынталандырады.Тұтастай алғанда, бұл Атырау облысы тұрғындарының пайдасы үшін азаматтық қоғам қатысушылары мен ТШО арасында барынша ымыраға қол жеткізуге мүмкіндік береді.Біз тәжірибешіл адам ретінде күрделі тақырыпты қарапайым тілмен жеткізуді шештік. Нұсқаулық жұмысын жаңадан бастап жатқан ҮЕҰ-дарға да, осы салада көптен жұмыс жасап жатқандарға да тиімді. Онда көптеген визуализациялар мен кеңестерберілген. ҮЕҰ арасында мониторинг және жүйелік бағалау бойынша оқыту әлі күнге дейін тәжірибеге енген жоқ. Осы ретте, «Логикалық үлгі» ең қарапайым және түсінікті құрал болып табылады».
Нұсқаулықты тапсыру Азаматтық Форум аясында өтті. Нұсқаулық жоба логикасын қалай сауатты жазу керектігі туралы теорияны, жаттығулар жиынтығын және үздік тәжірибелерден алынған кеңестерді қамтиды. Нұсқаулық ҮЕҰ топтарына жобалық жұмысты бағалау бойынша белгілі бір нақты сұрақты зерттеуге көмегін тигізумен қатар, дағдыларды өз жобаларына қолдану машықтарын жаттықтыруға да септігін тигізеді.
«Теңізшевройл» ЖШС-і шикімұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысады. ТШО Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жаңа технологияларды қолданады және жұмыстардың барлығын қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
«Орта Азияның Еуразия Қоры» корпоратитік қоры (ОАЕҚ) - осы өңірде 2005 жылы құрылған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ азаматтарға жергілікті қоғамдастықтарды нығайтып, азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы өз болашақтарын қалауға белсенді түрде ат салысуға көмектесіп, қоғамдық және жеке қорларды жұмылдырады. ОАЕҚ бағдармалары бойынша толық ақпаратты және қамқоршылар кеңесінің мүшелері тізімін мына сайттан білуге болады: http://www.ef-ca.kz.