ТШО-ның қолдауымен 2021 жылы 14 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды

24 желтоқсан 2021
Ecology

2021 жыл 24 желтоқсан, Атырау – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бас кеңсесінде 2021 жылғы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының қорытындысы талқыланды. Жергілікті және республикалық ҮЕҰ-мен бірлесіп Атырау облысының денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік кәсіпкерлік және инфрақұрылым сапасын дамытуға және жақсартуға бағытталған 14 жоба іске асырылды.

Медициналық, білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіру және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет, ҮЕҰ және бизнес арасындағы өзара іс-қимыл синергияға және барынша тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2021 жылғы жұмыс нәтижелері туралы ҮЕҰ дәстүрлі түрде облыс тұрғындары, мемлекеттік органдар және ТШО қызметкерлері алдында жыл сайынғы жалпы жиналыста есеп берді.Іс-шараны онлайн тамашалауға болады.

 

ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша: «Біздің көпжылдық серіктесіміз «Ынтымақ» биыл ағылшын тілі клубтары, қонақ дәрістері, көшеттер тарату және т.б. сияқты 33 шағын жобаны жүзеге асырды. Осылайша, ТШО демеушілік көрсеткен 14 жоба 180-нен астам шағын жобаның іске асырылуына ықпал етті, олардан Қазақстанның 400 мыңнан астам тұрғыны пайда алды». Сонымен, Орталық Азияның Еуразия қорының «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы аясында ауыл тұрғындары 45 шағын жобаны жүзеге асырды, олар балалар мен спорт алаңдарын, саябақтар салу, мектеп аумақтарын абаттандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін демалыс орындары мен кабинеттерді ұйымдастыру секілді бастамаларды қамтиды.

Айта кететін мәселе, ҮЕҰ-ның атқарған жұмысын республикалық азаматтық қауымдастық жоғары бағалады. Х Азаматтық форум аясында академик З. Қабдолов атындағы қорға білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктері үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның атынан диплом табыс етілді. Академик З.Қабдолов атындағы қор онлайн режимде интернет-аудиторияға қазақ тілін үйренуге көмектеседі. Сонымен қатар, «Болашақ» ҚҚ» азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау номинациясы бойынша диплом алды. Қор реабилитологтарды даярлаумен, қайта даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен айналысады. «Біз де адамбыз» ҮЕҰ басшысы Гүлназ Космурзиева биыл «Шапағат» мемлекеттік марапатына ие болды. Осы ҮЕҰ ұйымдастырған тренингтердің арқасында Атыраудың үш тұрғыны Қазақстанның паралимпиада құрамасына үміткер болды.

ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2010 жылы бастама алған болатын. 2021 ж. соңына дейін жергілікті және республикалық ҮЕҰ-мен бірлесіп жалпы сомасы 11,1 млн АҚШ долларына тең 94 әлеуметтік жоба іске асырылды.

 

ТШО әлеуметтік жобаларды қаржыландырумен қатар, 2021 жылы облыс тұрғындарына тікелей қолдау көрсетті. Компания вакциналарды сақтауға арналған 34 тоңазытқыш пен мұздатқыш қондырғыларды, 56 оттегі концентраторларын, медициналық жабдықтарды және 20 ӨЖЖ аппараттарын сатып алды. ТШО Атырауға Грузиядан жоғары білікті дәрігерлерді шақырып, дәрігерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуді қаржыландыруға қатысты. Жалпы алғанда, ТШО 2021 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау қажеттіліктеріне COVID 19-ға ден қою шаралары аясында 18 миллион АҚШ долл. астам қаражат жұмсады.

«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.