«Теңізшевройл» импорт алмастыруға жағдай жасауда

18 мамыр 2022
Ecology

Нұрсұлтан қаласында «Мұнай-газ мшина құрылысын дамыту бойынша форум» болып Форумда еліміздегі ең ірі салық төлеуші-«Теңізшевройл» кәсіпорнының қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі мамандары импортты алмастыру және жергілікті қамтушыларды дамыту бағытындағы жұмыстары туралы айтты.

«Теңізшевройл» ЖШС сатып алынатын қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша мұнай-газ операторлары арасында жетекші орынға ие. Жобадағы қазақстандық қамту (ҚҚ) көрсеткіші жылдан жылға тұрақты өсіп отыр: 2021 жылы ол 3,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық.

ТШО импорт алмастыруға жағдай жасау мақсатында отандық кәсіпорындармен бірлесіп дамытуға болатын 5 басым тауар түрін анықтады, олар: ілмекті арматура, фланецтер/фитингтер, қысымды ыдыстар, бақылау-өлшеу аспаптары және электр жабдықтары. Сондай-ақ, Қазақстанда өндіру үшін әлеуеті жоғары тауарлар мен қызметтердің 50-ден астам түрі анықталды. 2021 жылы жоғары вольтты кабель, талшықты-оптикалық кабель шығаратын, төмен вольтты қозғалтқыштарды жөндеу, газ турбиналарына қызмет көрсету және тексеру жұмыстарын атқаратын тауар өндірушілердің сапасын бағалау аяқталды. 2022 жылы кабель жаймасы, шар тәрізді шүмектер, таратқыш қораптар, құбыр тығыздамалары, жоғары вольтты қосалқы станциялар, бұрғылау бұрандаларын жөндеу/жасау, өрт сөндіру машиналары мен өрт сөндіргіштер сияқты өнімдер бойынша қазақстандық тауар өндірушілердің техникалық біліктілігін бағалау жүргізілуде.

«Біз қазақстандық қамтуды дамыту бастамаларын жүзеге асыруда «Атамекен» ҰКП, «Kazenergy» қауымдастығы, ҚР Машина жасаушылар одағы, Petrocouncil және KazService-пен бірлескенжұмысты тұрақты түрде қолдап келеміз», - деді «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі директоры Даниэль Жолдыбаев.

Сондай-ақ, Даниэль Жолдыбаев қазақстандық компаниялардың жетілдіретін тұстарын да атап өтті: « Қысқаша айтсақ, біріншіден,белгіленген мерзімді сақтау – қамтушы сұраныстарға дер кезінде жауап беруі керек, екіншіден, сертификаттау – стандарттарға сай болу және ISO, API, ASME және ASTM сияқты сертификаттардың соңғы нұсқасына иелену, үшіншіден, техникалық және коммерциялық мәселелер – көбіне сұратылған деректер ұсынылмай қалады, ұсыныстағы құжаттар толық болуы тиіс, төртіншіден,бәсекеге қабілетсіз баға саясаты – тендерлік ұсыныс бәсекеге қабілетті болуы үшін нарық пен бәсекелестер туралы хабардар болуы керек, ал бесіншіден, сапаны басқару жүйесі – атап айтқанда, біліктілігі жоғары және сертификатталған қызметкерлер құрамы».

ТШО аталмыш жағдайды жақсарту үшін, 2021 жылы бірқатар оқыту шараларын өткізді, атап айтқанда:қамтушылар үшін, 300-ден астам адамды қамтыған мұнай операторлары тендеріне дайындық курстары, «Біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы» курсы, ISO 9001:2015, 14001:2015 және 45001:2015 стандарттары, API сертификатталған оқыту, Кайдзен/Lean Sigma оқытулары, барлығы да курсты аяқтағандары жөнінде сертификатқа ие болды.Қазірөнімді таңбалау талаптары, атап айтқанда CE (Еуропалық Одақ) және EAC (Еуразиялық экономикалық одақ) сәйкестік сертификаттары бойынша бірегей курсқа дайындық жүруде.

ТШО өзінің бизнес серіктестерімен тұрақты түрде бірлескен іс-шаралар өткізіп келеді.Жергілікті қамту үлесін арттыру мүмкіндіктерін ертерек анықтап, білікті компанияларды табу үшін әкімдікпен, министрліктермен және қауымдастықтармен ынтымақты қарым-қатынас орнатуда.