Алматыда «Цифрлы Теңізшевройл-2022» форумы болып өтті. Форумның мақсаты –цифрландыруды дамыту және одан әрі ынтымақтастық орнату үшін жаңа қазақстандық АТ-компаниялардың мүмкіндігін қарастыру.
Форум жұмысына ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова қатысып, Қазақстан Үкіметі тарапынан энергетика саласын цифрландыруға және қазақстандық қамтуды дамытуға ерекше назар аударылып отырғандығын атап өтті. Ол өз сөзінде «ТШО-ның цифрландыруға деген сындарлы көзқарасының табысты болуы АТ мамандары жұмысының бизнес-міндеттерді шешуге бағытталуында болып отыр. Біз бұл форум отандық АТ компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді Жанат Жахметова.
Компания мамандары форум қатысушыларына Теңіз кен орнында сәтті енгізілген инновациялық технологиялар туралы айтып берді. Мәселен, ТШО-ның барлық автокөлік паркі көлік қауіпсіздігі интеллектуалды жүйесімен қамтылған. Ол дыбыстық сигнал беру арқылы жүргізушінің шаршау деңгейін бақылауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жазатайым оқиғаларды азайтуға және қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
2020 жылы Кешенді технологиялар желіде (КТЖ) виртуалды зауыт (Virtual Plant) шешімі көмегімен нақты уақыт режимінде бүкіл зауыттағы бақылау-өлшеу жабдықтарынының деректерін біріктірілді. Нәтижесінде сұйытылған көмірсутекті газ (СКГ) өндірісі көлемі ұлғайтылды. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы Теңізде СКГ өндірісін ұлғайту ОРЕС+ шектеулерінің орнын толтыруға көмектесті, сонымен қатар қиындықтарды мүмкіндіктерге айналдыруға, цифрлық шешімдер арқылы құндылықты құру тізбегін оңтайландыруға және өзгерістерге жылдам әрекет етуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, кәсіпорын қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі мамандары ТШО қамтушысы болу үшін, АТ компаниялар қандай қадамдар жасау керектігіне тоқталды. Форумда ТШО-ның техникалық (техникалық менеджер, .NET әзірлеушілері, DevOps инженерлері, QA тестерлері) және техникалық емес (өзгерістерді басқару мамандары, бизнес-аналитиктер (Business Analyst, Proxy Product Owners), әрі Low Code әзірлеушілері(PowerApps, PowerBI) рөлдерін орындауға қабілетті АТ мамандарды қабылдауға мүдделі екендігі айтылды
«Қазақстандық қамтуды арттыру – ТШО-ның басым бағыттарының бірі. Біз үшін отандық компанияларымен бірге жұмыс жасап, олардың дамуына күш-жігер жұмсау маңызды. Біздің мақсатымыз – АT мамандарының үлесін барынша арттыру.Сол себепті форум қарсаңында «Цифрлы Теңізшевройл– 2022» атты Хакатон шарасын өткіздік. Берілген мәселенің оңтайлы шешімін тапқан командалар ТШО-мен келісім-шартқа отыру мүмкіндігіне ие болды», - деп атап өтті ТШО-ның цифрландыру бойынша чемпионы Марат Қуатов.
Айта кететін жәйт, Хакатонға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30-ға жуық команда қатысты. Қазылар алқасы мүшелерінің бірі, ТШО-ның цифрландыру жөніндегі кеңесшісі Азидолла Қисметовтың айтуынша: ««Шешім ғана емес, сонымен қатар компанияның жалпы даярлығы мен құзыреттілігінің деңгейі бағаланды».