Теңізшевройл (ТШО) Атырау қаласында қалдықтарды реттеу бойынша форум өткізді. Форумның мақсаты: Отандық компаниялардың қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибесімен алмасып, соңғы жетістіктерімен бөлісу. Әлеуетті қызмет жеткізушілерін іздеп, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату әдістері бойынша халықаралық тәжірилерді қарастыру.
Форумға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің (ЭГТРМ), ҚР ЭГТРМ Атырау облысы бойынша экология департаментінің және Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, «Green economy» «Еуропа-Азиялық қауымдастығы» ЗТБ, «KazWaste» қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының өкілдері, шетелдік компаниялар, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындардың меншік иелері мен басшылары қатысты.
Форум барысында ҚР ЭГТРМ мамандары өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорындарға қатысты қолданылатын экологиялық заңнаманың талаптары туралы ақпаратпен бөлісті. Ал ТШО мамандары компанияның әлеуетті бизнес-серіктестерге қоятын ішкі талаптары туралы айтты. Қауымдастық өкілдері қалдықтардың жекелеген түрлері бойынша ұлттық стандарттардың талаптарын түсіндірді. Шетелдік компания өкілдері өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқарудағы халықаралық тәжірибелермен бөлісті.
«Қалдықтарды басқару Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөнінде тұжырымдаманың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, «Теңізшевройл» ЖШС экологиялық көрсеткіштерді үнемі жақсартуға ұмтылады. Сіздер бізді ұдайы бақылап, басты құндылықтарымызбен санасып, қашан да пікірлесіп тұрасыздар. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Бірлескен талаптың арқасында ғана біз жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, экономикалық белсенділікті арттырып, жоғары сапа стандарттарын енгізіп, қалдықтарды барынша өңдеуге және қайта пайдалануға қол жеткізе аламыз. Мұның бәрі Қазақстан экономикасында берік мұра қалдыру болып табылады», - деді ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.
Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан Теңіз кен орнында Қазақстанның әр өңірінен келген мыңдаған жұмысшы тұратын жүзге жуық вахталық қалашықтар мен өндірістік кешен орналасқан. Компанияның өндірістік қызметінің және ілеспе инфрақұрылымның нәтижесінде әртүрлі қалдықтардың 63 түрі жиналады және олардың 35-тен астамын компания дербес немесе бөгде ұйымдарға тарта отырып, табысты қайта өңдеуге қабілетті. 2015 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде бөгде ұйымдардың қайта өңдеу үшін қалдықтарды беру көлемі 700 000 тоннадан асты. Соның ішінде қалдықтарды қайта өңдеуге көп көңіл бөлінеді. Мысалы, 2016-2022 жж. аралығында 2 259 тонна пластикалық бөтелкелер қайта өңдеуге жіберілді. Оның ішінде пластикалық және ПЭТ түйіршіктері бар басқа да тауарлар шығарылды. 5 861 тонна қағаз бен картон буып-түю материалдары мен басқа да тауарлар өндіріске жіберілді. Ал 99 542 тонна бетон қалдықтары құрылыс материалы ретінде пайдаланылды және “үшінші тұлғаларға” берілді.
Барлық өндірістік алаңдар, вахталық кенттер мен ТШО-ның басқа да нысандарында қалдықтарды санаттар бойынша бөлу үшін түрлі-түсті таңбаланған арнайы контейнерлер орнатылған: пластикалық бөтелкелер, картон, кеңсе қағазы, шыны, кондициялық емес металл және т.б.
2019 жылды 2017 жылмен салыстырғанда пластикалық бөтелкелерді сұрыптау және беру 11 есеге өсті. Бұл өз кезегінде пластик бөтелкелерді сұрыптауға және беруге мүмкіндік береді. Массасы 700 тоннадан асады. Ал картонды қайта өңдеу 8 есе өсті. Массасы 1500 тоннадан асады.
Барлық шығарылған қалдықтарды Теңіз кен орнының өндірістік және әкімшілік учаскелерінен өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жөніндегі компанияның «хабы» болып саналатын «Тенгиз Эко Центр» нысанына тасымалдайды. 100 га аумақта қалдықтарды қауіпсіз қабылдайтын, тарататын, уақытша сақтайтын және кәдеге жарататын заманауи көпфункционалды қалдықтарды басқару нысаны 2004 жылы пайдалануға берілді.
Қайта өңдеу көлемдерін одан әрі кеңейту мақсатында ТШО өнім берушілер нарығына үнемі мониторинг жүргізеді және қалдықтармен жұмыс істеудің қолжетімді әдістерін зерделейді. Компанияның бұл ынтасы ҚР Үкіметі белгілеген жасыл қағидаттарды қолдауға, сол арқылы ҚР нормативтік талаптары мен халықаралық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, қалдықтарды басқаруда одан да маңызды көрсеткіштерге қол жеткізуге және елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Біз үшін бұл ауқымды жобаға қатысушылардың біліктілігі мен жоғыры құзыреттілікке ие болуы өте маңызды.