Теңізшевройл KIOGE-2022 көрмесіне қатысты

28 қыркүйек 2022
Ecology

Алматыда 28-ші KIOGE-2022 «Мұнай және газ» Қазақстандық Халықаралық көрмесі мен конференциясы өз жұмысын бастады. Конференцияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасы мұнай-газ өнеркәсібінің дамуы: жаңа сценарийлер».

 

15 елден келген 200-ге жуық қатысушы мұнай-газ өндіру кәсіпорындарына арналған ең жаңа технологиялық, инженерлік және бағдарламалық әзірлемелерімен таныстырды. Экспозиция геология, геофизика, қайта өңдеу, мұнай-газ машиналарын жасау, тасымалдау, т.б. салалармен қоса әртүрлі бағыттарды қамтыды.

 

Қолайлы инвестициялық ахуал арқылы Қазақстанда Еуропаның, Қытайдың, Ресейдің және АҚШ-тың әлемдегі ең ірі мұнай корпорациялары жұмыс атқарады. Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдарында салаға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 200 миллиард АҚШ долларын құрады. Бүгінде біз қосымша инвестиция тарту үшін бұдан да қолайлы жағдай жасау мақсатында жер қойнауын пайдалану саласындағы өзіміздің заңнаманы жетілдірудеміз. Осылайша, салықтан босату түріндегі реттегіш және фискалдық преференциялары қарастырылады. Жүзеге асырылып жатқан реформа жер қойнауын пайдалану саласындағы, атап айтқанда көмірсутектерді барлау саласындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жаңа серпін береді», - деді Қазақстан Республикасының энергетика министрі Болат Ақшолақов.

 

Теңізшевройл» ЖШСның бас директоры Кевин Лайон пленарлық сессияда:Мұнай мен газ жақын болашақта жаһандық энергетикалық теңгерімнің маңызды бөлігі болып қала береді және бізге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін энергияның барлық түрі қажет болады. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы ТШО өзінің өндірістік міндеттемелерін жауапкершілікпен әрі қауіпсіз орындап, ел экономикасының дамуына қолдау көрсету арқылы Қазақстанға пайда әкелуде.Біз климаттың өзгеруі ұлттық шекаралармен шектелмейтін ғаламдық сын-қатер екенін мойындаймыз, яғни бұл мәселені шешу жолдары да жаһандық сипатқа ие болуы керек» деп атап өтті.

 

Теңізшевройл KIOGE-2022 көрмесінебас серіктес болды.. Компания мамандары сессияларға, талқылауларға, дөңгелек үстелдерге қатысып, ТШО-мен әріптестіктің артықшылықтары, корпоративтік мәдениеттің дамуы және цифрлық трансформация туралы кеңінен әңгімелемек.