Теңізшевройлда орта буын басшылардың 30 пайызы әйелдер

04 қазан 2022
Ecology

Алматы қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Жастар форумы аясында мұнай-газ саласының мамандары «Энергетикадағы әйелдердің рөлі: гендерлік тепе-теңдікке қадамдар» тақырыбын талқылады.

Талқылауға Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ДМК) Президенті Педро Мирас, ДМК-нің қаржы жөніндегі вице-президенті Бурчу Гюналь, Түркия, BCG-нің өкілі Клэр Готье-Уотсон, АҚШ, UN Women компаниясының Қазақстандағы өкілі Мария Доценко, ҚР Қаржы реттеу агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова, KAZENERGY Қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ақмурзина, E&Y Kazakhstan серіктесі Ксения Бабушкина, Chevron-ның Еуразия бөлімшесінің адам ресурстары жөніндегі бас менеджері Шолпан Алтыбаева, «Теңізшевройл» (ТШО)-дың адам ресурстары бөлімінің бас менеджері Кәмшат Байжанова, ТШО – ның қаржы жөніндегі бас менеджері Зәмзәгүл Бекова, «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның департамент директоры Айша Төребаева қатысты.

Бүгінгі таңда Теңізшевройлдағы орта буын басшылардың 30% -ы әйелдер. Әр алуандыққа құрмет пен қызметкерлерді қызықтырып, ТШО-ның негізгі құндылығы болып табылады. Сондықтан да компания басшылық лауазымдардағы әйелдердің санымен Қазақстанның энергетика саласында көшбасшылық орынға ие.

 

ТШО-ның қаржы жөніндегі бас менеджері Зәмзәгүл Бекова өз сөзінде әйел көшбасшылар күрделілілік пен теріс түсініктен әлі де арыла алмай отырғанын атап өтті: «Салаға басшылық позицияларға әйел көшбасшылар көбірек қажет: компаниядағы шешімдерді қабылдауға қатысу үшін, олардың бойында сенімділік қалыптастырып, қолдауға, қызмет бабында өсіруге көмектесу керек.Ол үшін тек әйелдерден ғана емес, ерлерден де тәлімгерлерді тарту маңызды. Әйелдердің қолдау күтіп, отырмай, өз тағдырларын өз қолдарына алуды үйренуінің, тәлімгерлерді өздері іздеп тауып, жобаларға бастамашы болуының маңызы зор. Тек атқаратын жұмысқа ғана емес, сонымен қатар мансап құруға және жетістікке жетуге жауапкершілікпен қарау керек. Ешқашан жақсы істен бас тартпаңыз және алға ұмтыла беріңіздер».

Кәсіпорындағы әйелдердің жартысынан көбі ТШО мен кадрлық агенттіктерінің қызметкері екендігін атап өткен жөн. Мәселен,олардың 58%-ы Теңізде, қалғандары - Атырау кеңселерінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, статистикаға сүйенсек, әйелдер өз ісіне адал және олар орта есеппен компанияда 12 жылдай жұмыс істейді.

 

ТШО-ның адам ресурстарын басқару (АРБ) бөлімінің бас менеджері Кәмшат Байжанова өз сөзінде: «Гендерлік теңдіктің негізгі шарты - бұл физикалық және ментальдық қауіпсіздікке кепілдік болып табылады. Әйелдер өздерінің қауіпсіздігіне сенімді болғанда ғана дамып, өздерінің бар қабілетін ашып, пайда әкеле алады. Екінші маңызды шарт - қоғамның гендерлік мәселеге қатысты бірлігі мен хабардарлығы. Қоғам гендерлік теңдік ел экономикасына, компаниялардың табысына, отбасының әл-ауқатына пайда әкелетінін түсінген кезде ғана әйелдер бүгінде тым аз саналатын көшбасшылық позицияларға ұмтылады. Әйелдерге еңбек нарығына ғана жол ашып қоймай, олардың шешім қабылдауына да мүмкіндік беру қажет» деді.